Кедендік одақ

размер шрифта: Aa | Aa

Кедендік одақ туралы

Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы 2007 ж. қазан айының 6-шы жұлдызында қол қойылған келісім бойынша Кедендік одақ құрады.

Кедендік одақтың жоғарғы органы – мемлекет пен үкімет басшыларының деңгейіндегі Мемлекетаралық Кеңестер.

2007 ж. 6 қазанындағы келісім бойынша кедендік одаққа кіретін мемлекеттер Кедендік одақ Комиссиясын құрды. Бұл - кедендік одақтың тұрақты түрде жұмыс істейтін біртұтас реттеуші органы.

Кедендік одақтың құрылуы біртұтас кедендік кеңістіктің пайда болғанын білдіреді. Бұл кеңістік шеңберінде кедендік баж салынбайды, экономикалық шектеуші құралдар қолданылмайды. Тек, демпингке қарсы немесе компенсациялық шараларды қолдануға рұқсат. Кедендік одақ шеңберінде біртұтас кедендік тариф және шет мемлекеттермен сауда айналымын реттейтін басқа да ортақ шаралар қолданылады.

 2009 жылы Кедендік одақтың жоғарғы органы – Кедендік одақ Комиссиясы мен мүше-мемлекеттердің үкіметтері кедендік одақтың заңнамалық негізін қалауға бағытталған бірнеше шара өткізді. Яғни, Біртұтас кедендік тариф, Кедендік Кодекс, Кедендік Одақ Сотының мәртебесі пысықталды.

Кедендік Кодекс

Кедендік Одақ шеңберінде импортталатын тауарларға салынатын жанама салықтың реттелу

alt

Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығының сайты 

alt

Кедендік одақ Комиссиясының ресми сайты