Кедендік Одақтың және біртұтас кедендік кеңістіктің құрылуы жайлы келісім. 6 қазан, 2007 жыл.

размер шрифта: Aa | Aa
Кедендік Одақтың және біртұтас кедендік
кеңістіктің құрылуы жайлы келісім. 6 қазан, 2007 жыл. 

Бұл құжатта «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы 2000 жылдың 10-шы қазанында қабылданған Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуына байланысты келісімге негізделе отырып, өзара саудада еркін тауар айналымын қамтамасыз ету үшін, Кедендік Одақтың үшінші елдермен сауда-саттығына қолайлы жағдай жасау үшін,  тараптардың экономикалық интеграциясын дамыту үшін мынадай келісім жасады:

                    1 бап

Бұл келісім-шарттағы түсініктердің мағынасы мынадай: «біртұтас кедендік кеңістік» - Тараптардың кедендік кеңістіктерінен тұратын кеңістік; «біртұтас кедендік тариф» - біртұтас кедендік кеңістікке үшінші елдерден әкелінетін тауарларға салынатын кедендік  салық; «кедендік одақ» -  тараптардың біртұтас кедендік кеңістігі құрылатын сауда-экономикалық интеграцияның түрі. Бұл  біртұтас кеңістікте саудаға салынатын тауарларға кедендік салық пен экономикалық шектеуші құралдар қолданылмайды. Тек қана антидемпингтік, компенсациялық шараларды пайдалануға рұқсат етілген. Ал, үшінші елдермен саудада кедендік одаққа кіретін мемлекеттер бірдей кедендік тарифтерді қолданады; «үшінші елдер» - бұл келісімге қосылмайтын мемлекеттер.

                    2 бап

Тараптардың кедендік кеңістіктерін біріктіріп, кедендік одақты құру процедурасын тәмамдау туралы шешімді қабылдайтын – одақтың жоғарғы органы. Бұл шешім төмендегі іс-шаралар жасалғаннан кейін қабылданады:

а) үшінші елдермен сауданы реттеу құралдары мен бірыңғай кедендік тарифтерді бекіту;

ә) үшінші елдермен сауда қатынастарында бірыңғай сауда режимін енгізу;

б) Кедендік баж, басқа да салықтарды қолданудың тәртібін бекіту;

в) Тауарды өндірген мемлекетті анықтаудың ортақ ережелерін қабылдау;

г) Тауарлардың  кедендік құнын анықтаудың ортақ ережелерін қабылдау;

д) Сыртқы және ішкі сауда статистикасының бірыңғай әдістемесін бекіту;

е) Кедендік баж төлеу ережелері мен тауарды декларациялау тәртібі сияқты, кедендік реттеу құралдарын унификациялау;

ж) Кедендік Одақтың органдарының құрылып, олардың толық қанды жұмыс істеуі.

                    3 бап

Біртұтас кедендік кеңістік құрылғаннан кейін тараптар өзара саудада кедендік баж, немесе басқа да шектеулерді қолданбайды. Дегенмен, бұл бап тараптардың өзара саудада арнайы антидемпингтік және компенсациялық шараларды қолдануына; қоғамдық моральді, адам өмірі мен денсаулығын, өсімдіктер мен жануарларды, табиғат пен мәдени құндылықтарға араша түсу керек болған жағдайларға импорт пен экспортты шектеуге тыйым салмайды. Тек бұл шектеулер сауданы шектеудің жасырын әдістеріне айналмауы керек.

                    4 бап

Егер біртұтас кедендік кеңістік құрылмай тұрып, Тараптардың арасында кедендік баж салу ережелері, немесе әкімшілік процедуралар жайлы екі жақты келісім болған болса, және ол келісімдегі талаптар осы құжатта қарастырылған талаптардан әлдеқайда қолайлы болса, ол халықаралық келісімнің күші жойылмайды.

                    5 бап

Біртұтас кедендік кеңістік құрылған мезеттен бастап, әрбір Тараптың үшінші елмен арадағы саудада қолданатын кедендік баж бен әкімшілік процедуралары осы келісімде белгіленген талаптардан қолайлы болмауы тиіс.

                    6 бап

Егер тараптардың арасында осы келісімнің талаптары мен шарттарына қатысты дау туса, ондай келіспеушілік екі жақтың арасындағы келіссөз арқылы шешіледі. Егер екі жақ та мәмілеге келмесе, бұл іс Евразиялық Экономикалық Қауымдастық Сотының қарауына тапсырылады.

                    7 бап

Тараптардың келісімі бойынша бұл келісім-шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Ондай өзгерістер арнайы хаттамада тіркеледі.

                    8 бап

Бұл келісім ратификациялануы тиіс.

Бұл Келісімің заңды күшіне енуі, келісімге қосылу немесе одан шығу тәртібі халықаралық келісімдерге қосылу Хаттамасымен реттеледі. 2007 жылдың 6 қазанында қабылданған бұл хаттама кедендік одақтың құқықтық негізін құрайды.

Келісім 2007 жылдың 6 қазанында Душанбе қаласында қабылданған. Түпнұсқасы орыс тілінде.

Бұл келісімнің түпнұсқасы ЕврАзЭс Интеграциялық Комитетінде сақталып тұр. Комитет осы келісімнің депозитарийі болып саналады және әрбір тарапқа құжаттың көшірмесін тапсыруға міндетті.