Кедендік комиссия туралы

размер шрифта: Aa | Aa

Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 2007 жылдың 6 қазанындағы Келісім-шартына сәйкес кедендік одақтың әрдайым қызмет атқаратын біріңғай реттеу органы – Кедендік комиссия құрды. Кедендік одақ комиссиясы процедурасының ережелері, Кедендік одақ комиссиясы қызметінің заңдық негізі болып табылады.

Шувалов Игорь Иванович
Кедендік одақ комиссиясының Төрағасы -
Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары

1967 жылдың 4 қаңтарында, Билибин Магадан облысыныда дүниеге келген. 1993 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің құқық факультетін бітірді.
1984-1985 жылдары «Экос» Ғылыми-зерттеу инститтутында лаборант болып жұмыс істеді. 1985 жылдан бастап 1987 жылға дейін Кеңестік армия құрамында қызмет етті. 1993 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Құқық деппартаментінде атташе болып жұмыс істеді. 1993-1995 жылдар аралығында «АЛМ Консалтинг» ЖТАҚ-ның заң кеңесшісі, 1995 жылдан бастап «АЛМ» адвокаттық бюросының директоры болды. 1997 жылы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Ресейдің мемлекеттік комитетінің федералды мүлкінің мемлекеттік тізімі департаментінің басшысы болып тағайындалды. 1998 жылы Ресей Федерациясының Мемлекеттік мүлік министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1998 жылдан бастап 2000 жыл аралығында Ресейлік федералды мүлік фондының Төрағасы лауазымына ие болды.
2000 жылдың 18 мамырында Ресей Федерациясы Үкіметінің Аппарат Басшысы – Ресей Федерациясының Министрі болып тағайындалды. 2003 жылдың маусым айында Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі болып тағайындады. 2003 жылдың қазанынан бастап – Ресей федерациясы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болды. 2004 жылдың наурызынан бастап – Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі болды.
2008 жылдың 12 мамырынан бастап – Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Кобяков Андрей  Владимирович
Беларусь Республикасы Үкіметі Төрағасының орынбасары

1960 жылы Мәскеу (Ресей) қаласында дүниеге келді. Мәскеу авиациялық институтын, Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын және БКП саясаттану және әлеуметтік басқару институтын оқып бітірді.
Еңбек қызметін Минск қаласындағы С.И. Вавилов атындағы механикалық зауыттың механикалық құрастыру цехінің шебері ретінде бастады. 1988-1989 жылдары Рогачев қаласындағы «Диапроектор» зауытында, 1988-1989 жылдары – БКП Рогачев қалалық комитетітнің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. 1991-1995 жылдары – «Диапроектор» зауытының жоспарлы экономикалық бөлім басшысы, экономика жөніндегі директордың орынбасары.
1995-1996 жылдары – Беларусь Республикасы Президентінің бақылау Қызметі басшысының орынбасары. 1996-1998 жылдары – Беларусь Республикасы мемлекеттік бақылау Комитеті төрағасының орынбасары. 1998 жылдың маусымынан бастап – жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіру және сату жөніндегі Белорусь концернінің президенті. 1998-2000 жылдары – мемлекеттік бақылау Комитетінің төрағасы.
2000 жылдан бастап – премьер-министрдің бірінші орынбасары, 2001 жылдан бастап – Беларусь Республикасы премьер-министрінің орынбасары. 2002 жылдан бастап – Беларусь Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Беларусь Республикасының экономика министрі.
2003 жылдың желтоқсанынан бастап – Беларусь Республикасы Үкіметі Төрағасының орынбасары.

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы
Қазақстан Республикасы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары

1964 жылдың 12 наурызында, Түркістан қаласында дүниеге келді. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген (1986 ж.), экономист-математик.
Институтты бітіргеннен кейін ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы ҒІИ кіші ғылыми қызметкері (1986-1988 жж.); МЭСИ аспиранты (1988-1991 жж.); АСПУ ҒІИ жетекші ғылыми қызметкері (1991-1992 жж.); ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі (1992-1993 жж.); Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1993 ж.); Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік басшысы, әкімінің орынбасары (1993-1995 жж.); ҚР Экономика министрі (1995 ж. қараша – 1997 ж. наурыз); ҚР эконмика және сауда министрі (1997 ж. наурыз-қазан); ҚР Премьер-министрінің орынбасары (макроэкономика, өнеркәсіптің оперативтік қызметі, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен қарым-қатынас мәселелерімен аәналысты) (1997 жж. шілде – қазан); «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы (1997 ж. қазан – 1998 ж. сәуір); ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары (1998 ж. сәуір – тамыз); 1998 жылғы тамызынан 2004 жылдың наурызына дейін Қостанай облысының әкімі; ҚР Президенті маңындағы жоғары экономикалық кеңестің мүшесі (1997 ж. ақпан – қараша); ҚР тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңес мүшесі (1997 ж. қараша – 1998 ж. тамыз); «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ бақылау кеңесінің Төрағасы (1997 ж. наурыз – желтоқсан); 2004 жылдың наурызынан Астана қаласының әкімі; 2006 жылдың қыркүйкгінен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды.
2007 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2009 жылдың 3 наурызында Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
 2009 жылдың 22 сәуір айынан бастап Кеден одағы Комиссиясының мүшесі.