Білім беру бағдарламасы

размер шрифта: Aa | Aa

Біздің студенттер



жоба демеушілер


Құттықтау сөзі 

Бүгін жастар қоғамның прогрессивті бөлігі болып табылады, жаңашылдықтарға ұмтылу, шындықты танып білу және білімді тереңдетуге ұмтылу оларға тән белгі. Бір қарағанда жүзеге асыру мүмкін емес болып көрінетін, дегенмен ақиқат бөлігі бар идеяларды ұсынатын көбіне студенттер және жас ғалымдар, сол идеяларға сүйене отырып тәжірибелік жетістіктерге жетуге болады.
Ілгерінді және дарынды жастарды қолдай отырып, біз болашақта тұрақты дамудың, көзделген стратегияларды, бағдарламаларды, жоспарларды орындаудың негізін қалап отырмыз.
«KAZENERGY» Білім беру Бағдарламасы Қазақстан экономикасының дамуына қажетті серпінді және инновациялық идеяларды әшкерелеуде үлкен мүмкіндіктер береді.
Мұнай-газ және энергетикалық кешеннің болашақ мамандарын қаржылық қолдаудан басқа, «KAZENERGY» Білім беру Бағдарламасы мемелекеттің ғылыми-техникалық дамуына үлес қосу, жастарды ғылыми зерттеулерге тарту және осы саладағы нақты жобаларды енгізуге түрткі болып отыр. Біздің www.kazenergy.com корпоративтік сайтымыздың «Білім беру Бағдарламасы» тарауында Сіз конкурсқа қатысу шарттарын біле аласыз, қатысушыларға қойылатын талаптар және бағдарламаларды таба аласыз.
Одан басқа сайттан Сіз мұнай-газ және энергетикалық салаларда мамандарды даярлаумен айналысатын Жоғарғы оқу орындар, кәсіптік мектеп пен колледждер туралы қажетті мағлұматтар ала аласыз.
Біздің білім беру бағдараламамызды сәтті жүзеге асыру арқылы, біз бөлек саланың мемлекеттік жоғары оқу орындарымен, студенттермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және түгелдей қоғаммен қалайша ынтымақтаса жұмыс істей алатындығын көре аламыз.
Білім беру саласындағы потенциалды әріптестер де керекті мағлұматтар мен байланыс көздерін таба алады.

«KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы қатысушыларының шығармашылық бастауларының жемісті болуына, ең амбициозды деген ойларын жүзеге асыруда табысқа жетуіне тілектеспін!

Ізгі ниетпен,
«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ
және энергетикалық кешені
ұйымдары қауымдастығының
бас директоры Жамболат Сәрсенов

 

PDFБаспаға жіберуE-mail