Семинарлар мен тренингтер

размер шрифта: Aa | Aa

«KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі негізінде, Қауымдастық алдына қойылған міндеттердің бірі   Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешенінің қызметкерлері арасында біліктілік деңгейін жоғарылату болып табылады.  

Қызметкерлер қызметінің тиімділігін арттыру  және құзыреттілікті дамыту бойынша алға қойылған  мақсаттарға қол жеткізу үшін  «KAZENERGY»  қауымдастығы Сіздердің компанияларыңыздың семинарлары мен тренингтерін ұйымдастыруда және жүргізуде толық көмек көрсетуге әзір.

Өз  тәжірибемізге сүйене отырып  біз клиентке қажетті саладағы мәселелердің мәнін қысқа мерзім ішінде зерттеуге бар күш-жігерімізді саламыз және  оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынамыз. Біздің кәсіпқой командамыздың Сіздердің компанияларыңызға сапалы қызмет көрсету үшін қажетті мүмкіндіктері және ресурстары бар.  


2015 жылғы мамырда өтетін  семинарлар мен тренингтер:

1. «Тәлімгерлік,  Менторинг және  Коучинг дағдылары»

Тәлімгерлік,  Менторинг және  Коучинг басқару стилі ретінде менеджердің немесе маманның өз жұмысына қызметкерлердің қабілеттерін  жеке дамыту   технологиясын қолданатынын білдіреді. Персоналды басқарудың осы тәсілі  корпоративтік мақсаттарға қол жеткізудің пәрменді стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді, оған менеджердің  ұйымдық жағдайлардың спецификасы және өз қызметкерлерінің жеке ерекшеліктері туралы білімі негіз болып алынады.
Өтетін күні:  2015ж. 19-20 мамыр
Өтетін орны:  Астана қ., Қарасақал Ерімбет к-сі  65. «Жұмбақтас» бизнес-отелінің конференц-залы;
Өтетін уақыты: 09:30 – 18:00;
Бір қатысушының оқу ақысы 75 000 теңге, ҚҚС-ны қоспағанда.
Оқуға өтініш беру
Тренингке  қатысуға өтініштер 2015 жылғы 30 сәуірге дейін Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек  ;  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек электронды мекенжайы бойынша қабылданады
Оқу бағдарламасы компаниялардың сұраныстары бойынша электронды почтамен жіберіледі.

2. «Эмоционалдық сауаттылық»

Кәсіби және жеке өмірде табысқа жету үшін эмоционалдық сауаттылықты дамыту қажет (EQ).  Ол – тиімді қарым-қатынас жасай білу, өз эмоциясын басқара білу және айналасындағылардың эмоцияларын сезе білу,  ашық қарым-қатынас құра білу.
Креативті Көшбасшылық Орталығының зертеулері топ-менеджерлердің сәтсіздіктерінің басты себептерінің бірі – эмоционалдық сауаттылықтың жетіспеушілігі  екенін көрсетті. Оның үш негізгі себебі: стрестік жағдайда жұмыс істей алмау, командада жұмыс істей алмау және жеке қарым-қатынастарды дұрыс құра алмау.
Өтетін күні: 2015ж. 21-22 мамыр.
Өтетін орны:  Астана қ., Қарасақал Ерімбет к-сі  65. «Жұмбақтас» бизнес-отелінің конференц-залы;
Өтетін уақыты: 09:30 – 18:00
Бір қатысушының оқу ақысы 75 000 теңге, ҚҚС-ны қоспағанда.

Оқуға өтініш беру
Тренингке  қатысуға өтініштер 2015 жылғы 30 сәуірге дейін Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ;    Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

Оқу бағдарламасы компаниялардың сұраныстары бойынша электронды почтамен жіберіледі.
Егер Сіз біздің бағдарламаларымызға қызығушылық танытсаңыз  немесе ол жайында  көбірек ақпарат алғыңыз келсе,  мына телефон бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 
8 7172 79 49 75, 8 7172 79 01 84


PDFБаспаға жіберуE-mail