Бағдарлама туралы

размер шрифта: Aa | Aa

Бүгін көптеген қазақстандық компаниялар үшін процесстің барлық қатысушыларына өзара табыс әкелетін әлеуметтік бастамаларға өту мақсатқа бағытталған, ұзақ мерзімді саясат болып табылады.

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының ассоциациясы ұстанған саясатының басым бағыттарының бірі - профильді және басқа ғылыми кеңестік білім беру ұйымдарын және мекемелерін қолдау болып табылады.

Осы бағытты дамыту мақсатында 2006 жылдың желтоқсанында «KAZENERGY» Ассоциациясымен бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау, олардың біліктілік сапасын арттыруға көмегін тигізетін ұсыныстар жасау процессін ұйымдастырудағы жұмыс берушілердің рөлін, жауаптылығын және қатысуын анықтау мақсатында білім беру және кадр даярлау мәселелері жөніндегі Үйлестіру Кеңес құрылған болатын.

Білім беру жүйесін дамытуға тиесілі және жастарға арналған жобаларын жүзеге асыруды сүйемелдеуге қатысты заң шығару бастамаларын талқылауға қатысу сияқты Үйлестіру Кеңесінің негізгі мәселелерін жүзеге асыру мақсатында «KAZENERGY» Білім беру Бағдарламасы жасап шығарылды.

«KAZENERGY» Білім беру Бағдарламасы дарынды жастарды ғылыми зерттеулерге итермелеу арқылы жанар-жағармай және энергетикалық салада ғылыми-техникалық прогресс мүмкіндігін береді. «KAZENERGY» Білім беру Бағдарламасының» шеңберінде мұнай-газ және энергетикалық саланың мамандар резервінің мәліметтер базасы, Қазақстан қоғамының перспективалық қоры ретінде қалыптастырылады. «KAZENERGY» Білім беру Бағдарламасы Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті инновациялық идеяларды анықтауға үлкен мүмкіндік туғызады.

«KAZENERGY» Білім беру Бағдарламасы KazEnergy Ассоциациясының мүшелері және серіктестері - мұнай-газ және энергетикалық компаниялар, еліміздің ЖОО-ы, студенттер, БАҚ және бүкіл Қазақстан қоғамының арасындағы білім берудегі кең ауқымды шаруашылық сала ішіндегі серіктестіктің және біліктілігі жоғары мамандарды даярлаудың Қазақстандағы алғашқы бастамасы болып табылады.

Kazenergy Білім беру бағдарламасының жобалары

І. Сыйақы жобасы - пилоттық (2007-2008ж.ж.)

Байқаудың мақсаты, академиялық үлгерімнің жоғары дәрежесін және байқауда неғұрлым қызықты жұмыстарды көрсеткен студенттерді анықтау және KazEnergy сыйымен марапаттау. Байқау мемлекеттің 4 алдыңғы қатарлы салалық ЖОО студенттерінің арасында «KAZENERGY» сыйын иемдену мақсатында өтпек.

2007 жылдың мамыр айында инженер-энергетиктер Бірлестігімен біріккен Конференция шеңберінде іріктеудің бүкіл сатыларынан сәтті өткен, «KAZENERGY Білім беру бағдарламасының» жеңімпаздары атанған жоғары оқу орындары студенттеріне «KazEnergy» Қауымдастығы сыйымен марапаттау шарасы жүзеге асырылды.

«KAZENERGY шәкіртақы иелерінің басқосуы-2008» білім беру бағдарламасының ең жақсы шәкіртақы иелерін марапаттау рәсімі өткен «KazEnergy» Білім беру бағдарламасының алғашқы пилоттық жобасының логикалық аяқталуына айналды. Алматы, Атырау, Ақтау ЖООдарын енді бітірген оқушылар Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен түлектерді марапаттау рәсіміне қатысу, мемлекеттің мұнайгаз өндіруші компания өкілдерімен кездесу және жұмысқа орналасу шарттары туралы бүкіл керекті ақпарат жинау мақсатында келді.

ІІ. Шәкіртақы жобасы - ұзақ мерзімді:

Жобаның мақсаты - ЖООдарының, ғылыми институттардың неғұрлым дарынды жастарын Анықтау және оларды жаңартылған бизнес пен ғылыми зерттеулерге, сонымен қатар кәсіпорындарда/қазақстандық мұнайгаздық, энергетикалық салада жұмыс істеу үшін тарту болып табылады;

KazEnergy арнайы шәкіртақысын алу үшін, мұнайгаздық және энергетикалық салада мамандарды даярлайтын ҚР ЖООдарының студенттері, аспиранттары, магистранттары арасындағы жаңартылған ғылыми-практикалық жұмыстардың ашық байқауы.

ІІІ. Гранттық жоба - ұзақ мерзімді:

Мұнайгаздық және энергетикалық салада пайдалы, өзекті нақты жобалардың студенттердің, аспиранттардың, магистранттардың, докторанттардың, «KAZENERGY» гранттарын иемдену мақсатында мамандарды тәжірибеден өткізуші ғылыми қызметкерлердің, бұл жобаларды жүзеге асыру, Қазақстанда стажировка өткізу, зерттеулер жүргізу мақсатындағы ашық байқау.