«STUDENT ENERGY CHALLENGE» БАЙҚАУЫНЫҢ КЕЛЕСІ ТУРЫНА ҚАТЫСАТЫН СЕГІЗ КОМАНДА ТАҢДАП АЛЫНДЫ»

размер шрифта: Aa | Aa
21.07.2017 10:50

«STUDENT ENERGY CHALLENGE»БАЙҚАУЫНЫҢ КЕЛЕСІ ТУРЫНА ҚАТЫСАТЫН СЕГІЗ КОМАНДА ТАҢДАП АЛЫНДЫ»

«Шелл Казахстан» «KAZENERGY» қауымдастығымен бірлесіп  «Student Energy Challenge» байқауын өткізу кезеңдеріне сәйкес, байқауға қатысушы 29 команда ұсынған видеорезюмелерге бағалау жүргізілгенін хабарлайды.

Ұсынылған видеорезюмелерді бағалау қорытындысында келесі турға қатысу үшін таңдап алынған байқауға қатысушылар тізіміне енген командалар анықталды. Қатысушы командалардың видеорезюмелерін ұйымдастырушылар құрамынан құрылған іріктеу комиссиясы қарады.   

Байқаудың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша мына командалар Астана қ., 7-қыркүйекте қазылар алқасы алдында өз жобаларын таныстыруға және қорғауға шақырылады:

  1.  «Triple E» командасы (Назарбаев Университет);
  2. «BlackDiamond» командасы (Қазақстан-Британ Техникалық Университеті);
  3.  «Шығармашылық одақ» командасы (М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті);
  4. «Callisto» командасы (Алматы энергетика және байланыс университеті);
  5. «NU Arlans» командасы (Назарбаев Университет);
  6. «Synergy» командасы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті);
  7. «22A Satpayev st.» командасы (Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті);
  8. «Next generation» командасы (Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті)

Жоғарыда аталған командалар өздерінің жобалық ұсыныстарын «Байқау ережесіне» сай қазылар алқасының қарауына 2017 жылдың 20-тамызына дейін ұсынулары тиіс.

Студенттік командаларға жобалық жұмыстарды сапалы дайындауға көмектесу үшін 2017 жылдың 26-шілдесінде «Ernst & Young» Бизнес академиясының бизнес-тренерінің қатысуымен «Тиімді презентация жасау» тақырыбында вебинар форматында шеберлік класын өткізу жоспарланып отыр.

Байқау жеңімпаздарына  «Шелл Қазақстан» компаниясынан (10 000 евроға дейін) сыйлықтар берілетінін және жетекші ғаламдық менторлар (жеңімпаз команданың оқу орнындағы қатысуға тілек білдірген барлық студенттер үшін) техникалық/бизнес шеберлік кластарын өткізетінін естеріңізге саламыз.

Short list-ке енгізілген командаларға Астанада 2017 жылы 7-8 қыркүйекте Экспо – 2017 аумағында өтетін IX KAZENERGY Жастар форумының делегаттары алдында өз жобаларын таныстыру мүмкіндігі де беріледі.  шеңберінде өтетін  байқау финалына шақыртылады.

Ұйымдастырушылар байқаудың барлық турына қатысқан командаларға алғыс білдіреді және 2017 жылы 7-қыркүйекте шорт-листке енгізілген командалардың өнерін тамашалауға және 8-қыркүйекте IX KAZENERGY Жастар форумына қатысуға шақырады. (www.kazenergyforum.com, сайтында тіркелу тегін).
Баспаға жіберу