Зияткерлік командалық байқауының short-list командаларына арналған шеберлік класы өтті

размер шрифта: Aa | Aa
28.07.2017 00:00
ЗИЯТКЕРЛІК КОМАНДАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ SHORT-LIST КОМАНДАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК КЛАСЫ ӨТТІÂ 
KAZENERGY қауымдастығы студенттік командаларға 2017 жылы 26-шілдеде жобалық жұмыстарын сапалы ресімдеуге көмектесу мақсатында «Ernst & Young Kazakhstan» бизнес академиясының «Тиімді таныстыру жасау» тақырыбымен вебинар форматында шеберлік класс өткізді.

Вебинарға байқаудың іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша short list кірген 8 команда қатысты.

Вебинар материалдары мына сілтемелерде:

Презентация

Вебинар жазбасы

Анкета обратной связи

Байқаудың жарияланған кезеңдеріне сәйкес қазіргі уақытта командалар жобалық жұмыстарын белгіленген форматқа сай 2017 ж. 20-тамызына дейін ұсынады деп күтіліп отыр.

Сонымен бірге Назарбаев Университетінің  робототехника және компьютерлік ғылым пәнінің оқутышысы, FameLab халықаралық ұлттық коммуникация байқауының ұлттық кезеңінің жеңімпазы Артур Саудабаевтың қатысуымен өтетін «Зейін. Уақтыт. Питч» тақырыбындағы келесі вебинарды ү.ж. 15-тамызында өткізу жоспарланып отыр. Оқу тақырыбы elevator pitch форматында тиімді сөз сөйлеу ерекшеліктеріне қатысты болады. 

Байқау жеңімпаздарына (10 000 евроға дейін) сыйлықтар берілетінін және жетекші ғаламдық менторлар (жеңімпаз команданың оқу орнындағы қатысуға тілек білдірген барлық студенттер үшін) техникалық/бизнес шеберлік кластарын өткізетінін естеріңізге саламыз.

Баспаға жіберу