IX KAZENERGY «Learning for life» Жастар форумы

размер шрифта: Aa | Aa
20.08.2012 16:00


Logo_Youth_Forum_Kazenergy

IX KAZENERGY «Learning for life» Жастар форумы

KAZENERGY қауымдастығы студенттер мен жас мамандардың назарына IX KAZENERGY «Learning for life» Жастар форумын ұсынады!

KAZENERGY Жастар форумы дегеніміз ол - 300 қатысушы, 19 спикер, сарапшы, арнайы шақырылған қонақтар, 4 шара, 2 күндік қызықты бағдарлама, өте көп және пайдалы кездесулер, мансап туралы жаңа идеялар, кеңестер және лайфхактар, білім алу және жеке тұлғалық өсу.

Қазақстандағы  Geneva Business School Жастар форумының серіктесі.

Демеушісі Астана қ. «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис ЛТД» компаниясының қазақстандық филиалы.

«Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауын  ұйымдастыру және өткізу серіктесі «Шелл» компаниясы.

Жастар форумы Еуразиялық KAZENERGY форумы шеңберінде
Астана қ. 2017 жылы 7-8 қыркүйекте өтеді.

Форумға қатысу үшін ү.ж. 20-тамызына дейін kazenergyforum.com сайтында тіркелуі тиіс. (Жастар форумының қосымшасына өту қажет). Делегаттық орындардың шектеулілігін ескере отырып, тіркелгендердің максималды санына жеткен соң аталған уақытқа дейін тіркеу жабылады.

Биыл Форум өмір бойы білім алуға немесе life long learning (LLL) арналған. Бұл тақырып VUCA әлемде  (volatility (тұрақсыздық), uncertainty (белгісіздік), complexity (күрделілік) және ambiguity (әртүрлілік) қазіргі адамның өз білімін, дағдысы мен білігін үздіксіз толықтырып, жинақтауының күн санап өсіп келе жатқан қажеттілігіне байланысты таңдап алынды. Білім алу адамның бүкіл өмірін қамтитын еңбек ету, мансаптық өсу процесі ретінде адам денсаулығы мен толыққанды әлеуметтік өмірі үшін маңызды деседі ғалымдар. 2025 жылға қарай технологиялық инновацияларға байланысты қазіргі жұмыс орындарының 50% қажетсіз болып қалады (Harvard Business Review, 2017). Тіпті бұл сан асырып айтылса да, қазіргі уақыттағы экономикалық жағдай өткенге қарағанда жылдам өзгеретіні анық. Жасанды интеллект, робототехника, аутсорсинг және аутстаффинг сияқты үрдістер жұмыс сипатына тұрақты өзгеріс енгізіп отырады. Мұндай жағдайда бәсекелестікке қабілеттілікті сақтау және арттыру үздіксіз білім алу мен мансаптық өсуді талап етеді.

Дәл осы тақырыптар үшін Форум LLL және мансаптық өсу мәселелерін талқылайтын, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіру, жұмыс орнында білім алу және жеке даму бойынша пайдалы құралдар мен ұсыныстар берілетін алаң болып табылады.

IX Жастар форумының бағдарламасы мынадай шараларды қамтиды:

  1. 1. «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауы

2. KAZENERGY «Future energy leaders» Жастар форумы туралы сөз сөйлеулер

3. Өз білімін жетілдіру, өмір бойы білім алу, мансап құру және жеке тұлғалық өсу туралы Talk Show;

4. Franklin Covey компаниясының халықаралық тренерінің мастер-класы: «Сен және сенің қуат көзің»;

5. «BRAIN RING» зияткерлік турнирі.

Форумның толық бағдарламасы

Форумның брошюрасы




PDFБаспаға жіберуE-mail