«KAZENERGY» халықаралық жастар форумы

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Міне, «Жастар қуаты – Қазақстанның инновациялық жетістіктері. Energise your future …»  IV KAZENERGY халықаралық жастар форумы «Қазақстан: 20 жыл орнықты даму, инвестицияның және тұрақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері» VI Еуразиялық форумы аясында өтті.

Бұл жылы Жастар форумының күні солардың әрқайсысы туралы егжей-тегжейлі айтуға болатын әр түрлі іс-шараларға толы болды. Форумның мазмұндылық жағы Қазақстанның энергетикалық секторын дамыту мәселелері жөніндегі маңызды пікірталастарға және аталған салада жұмыс істейтін жастар мәселелеріне қанықты, осы іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушылар есінде ұзақ уақыт қалатын қызықты да есте қалар сәттерге, жаңа таныстықтарға толы болды.

alt alt

Бұл жылдың жаңалықтарының бірі KAZENERGY ассоциациясы Жастар комитетінің жаңа жобасы «Зерек» интеллектуалдық ойыны болып табылды.  Зерек қазақ тіліндегі сөз. Мағынасы ақылды, қабілетті, талантты, аңғарымпаз. Бірақ бұл сөздің тағы бір мағынасы бар.  Зерек – өсімдік атауы. Емдік шөп. Қазақ әдет-ғұрпындағы шашу салтын сақтай отырып(сәттілік пен табыс тілеп, тәттілерді шашу) біз ойынымызды барбарис кәмпиттер сыйлаудан және шашудан бастадық. 

Ырымды жасауды ойынның ең жас көрермендерінің бірі, Астана қаласындағы Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Еркебұлан Ниетәлиевке жүктедік. Астаналық жетекші мектептердің бірінде оқитын балаларды арнайы шақырған едік, өйткені жақын болашақта тап соларға осы тектес интеллектуалдық ойындарға қатысуға мүмкіндік туады. Осындай дарынды балаларға үлкен үміт артамыз және олардың болақшақтағы жеңістеріне сенеміз.

alt alt

Алдын ала іріктеуден өте отырып, Қазақстанның Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар қалаларының келесідей командалары ойынның қатысушылары болды:

1. Қайнар – Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
2. Виктория – Қазақ-Британ техникалық университеті;
3. KNTU SPE SC – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
4. West Energy – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті;
5. Жастар – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.

Интеллектуалды ойынның қазылар алқасының мүшелері ассоциацияның мүше компаниялары мен серіктестерінің өкілдері болды: 

•  Дәулет Молдалиұлы Түсжан – «Қазтеңізкөлікфлот» ҰТКҚК» АҚ техникалық пайдалану департаментінің бас менеджері, қазылар алқасының төрағасы;
• Найджел Гулд-Дэвиес – BG Group Орталық Азия бойынша корпоративтік саясат жөніндегі вице-президенті;
•  Салтанат Хұсайынова – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызмет менеджері;
•  Шалқар Маженаков – «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлерді басқару бөлімінің менеджері;
• Нүркен Беркінбаев – «Самұрық-Қазына» корпоративті университеті» ЖМ «Инновациялық Қазақстан» республикалық идеялар конкурсының жетекшісі.

alt alt

Дүбірлі, әсерлі бәсекеде бірінші орынды KNTU SPE SC (Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) командасы алды. Сонымен бірге, басқа командалар компаниялардың арнайы көтерме сыйлықтарымен марапатталды: Қазақ-Британ техникалық университеті командасы – «Самұрық-Қазына» корпоративті университеті» ЖМ-ның сыйлығына, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті командасы – BG Groupтың сыйлығына, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті командасы – «Қазтеңізкөлікфлотының» сыйлығына және Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті командасы «KAZENERGY» ассоциациясының сыйлығына ие болды.

Еуразиялық форум күндері алғаш рет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «Инновациялық Қазақстан» жобасымен біріге отырып, KAZENERGY Жастар комитеті мен Білім бағдарламасының көрме стендісі ұйымдастырылды. Көрме өткізілген екі күн бойы ассоциацияның жастар қанаты атынан балалар (KAZENERGY студенттері мен стипендиаттары) Білім бағдарламасының жобаларын белсенді түрде таныстырды және жастарды «Инновациялық Қазақстан» идеялар конкурсына қатысуға шақырды.

Форумға құрметті қонақ ретінде Рэндал Госсен (БМК-нің президенті), Серікбек Кеңесбекұлы Елшібеков («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың бизнесті қолдау жөніндегі бас менеджері), Андрей Прокофьевич Кириллов (Лукойл Оверсиз Сервис Б.В. Астана қаласындағы филиалының директоры), Марат Бірімжан («Statoil North Caspian As»-тің аға талдаушысы), Қанат Әбдуәлиұлы Байғарин (Даму бойынша басқарушы директор, Назарбаев Университеті), Светлана Башмакова (Даму бойынша менеджер, Petroleum Learning Center (Томск, Ресей), Нүркен Беркінбаев («Инновациялық Қазақстан» жобасының жетекшісі, «Самұрық-Қазына» Корпоративті университеті), Манфред Шеперс (Әлемнің Біріккен колледждері халықаралық кеңес мүшелері (Лондон, Ұлыбритания)), Сурхай Новрузов (Әзербайжан Жастар одағы және студенттер ұйымы тобының үйлестірушісі (Баку, Әзербайжан)), Хилал Патаджи ( Бүкіләлемдік энергетикалық кеңес болашақ көшбасшылар тобының жетекшісі (Анкара, Түркия)), Анна Илларионова ( Бүкіләлемдік мұнай кеңесі Жастар комитетінің мүшесі (Мәскеу, Ресей)) шақырылды.

Ассоциация және Жастар комитеті атынан IV KAZENERGY халықаралық Жастар форумының демеушілері – Лукойл (бас демеуші), Статойл (демеуші-серіктес) және KAZENERGY Білім бағдарламасының тұрақты серіктесі «Интергаз Орталық Азия» АҚ компанияларына алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ Ассоциацияның Жастар комитеті және KAZENERGY Білім бағдарламасы жастар идеяларына, олардың жобаларына қолдау білдіріп, көмек көрсеткендерге, сонымен бірге жастардың бағын жандырғандарға ерекше алғысын білдіреді. ... Міне, форум да өтті... Алда – ассоциацияның білім бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыстар, «Зерек» интеллектуалды ойынын өткізу... Жасасын келесі форум!

Ж. Аубакирова, KAZENERGY Жастар комитеті

Фотогалерея Международного молодежного форума «KAZENERGY»