IV Жастар Форумы туралы

размер шрифта: Aa | Aa
28.10.2011 20:35

alt

alt

alt

Жыл сайынғы Еуразиялық KAZENERGY Форумының аясындағы Халықаралық KAZENERGY Жастар Форумы KAZENERGY Жастар Комитеті мен Оқу бағдарламасы ұйымдастыруымен өтеді. Жастар Форумы, жыл өткен сайын, қатысушылары тәжірибелері мен ойларын бөлісетін, жастардың осы заманғы маңызды мәселелері талқыланатын беделді алаңға айналып отыр. Оған қоса, Форум ірі компаниялардың жетекшілері, ғылым, өнер және саясат қайраткерлері, Тәуелсіз Қазақстанның жас көшбасшыларының бас қосатын жері.

Еліміздің тәуелсіздігінің келе жатқан 20 жылдық мерейтойы, еш күмәнсіз, барша Қазақстандықтардың асыға күтіп жатқан оқиғасы. Тәуелсіздік тұғыры орнағаннан бастап, Отанымен бірге өздерінің 20 жылдығын тойлап жатқан, талапты, жаңаша ойлайтын жас ұрпақ ер жетті.

Еліміздің осындай тарихи оқиғасының қарсаңында биылғы Жастар Форумы Қазақстанның дамуындағы жастардың ролі жайында сөз қозғайды, сонымен қатар, жастарға өздерінің жоғары білімдерін, патриоттық сезімдерін, белсенді азаматтық позицияларын және ынтамақтастығын көрсетуге мүмкіндік береді.

Форум бағдарламасына талқылама панельдері мен интеллектуалдық ойын кіреді.

 Бағдарлама форумы
PDFБаспаға жіберуE-mail