IV Халықаралық Жастар Форумының қатысушыларына

размер шрифта: Aa | Aa

alt


alt

Құрметті IV«KAZENERGY» халықаралық Жастар форумының қатысушылары мен қонақтары!

Бүгін Астанада, Тәуелсіздік сарайында өтіп отырған үдерістерді бағаламау мүмкін емес, біз мұнай-газ кешенінің жетекші көшбасшылары және сарапшыларымен бір диалогтік алаңда кездесіп отырмыз. Қазақстан алдына қойған мақсаттардың барлығын еңсеріп, өркендеген, қуатты ел болатына менің көзім жетеді. Бүгінгі Жастар форумы еліміз экономикасының өсу үдерісінің бастапқы нүктесі болғандығына мақтанатын боласыздар. Форум – Қазақстан жастарының озық, таңдаулы өкілдерін отанымыздың туының астына жинаған көптеген маңызды бастамалардың бірі.
Сіздер жастардың білімді де өткір, ерекше тобысыздар.
Сіздер энергияның үлкен ағынысыздар, біздің ассоциация өз атауына «ENERGY» сөзін  қосуы да тегін емес.
Сіздердің энергияларыңыз бен алдырмайтын асуларды бағындыруға деген талпыныстарыңыз біздің лайықты болашаққа сенуімізге мүмкіндік береді.
KAZENERGY ассоциациясы – 40-тан астам қазақстандық және шетелдік компанияларды біріктіріп отырған салалық одақ. Мұнда әлемдік деңгейдегі танымал мамандар жұмыс істейді. Қазақстан Үкіметі біздің стратегиялық шешімдер, басқару және технологиялық әдістердің соны түрлерін іздеудегі бірлескен жұмысымызды серпінді деп тапты. 
Бүгін сіздер аға көшбасшылармен кездесіп, баға жетпес тәжірибе, өздеріңізге көптеген пайдалы мәліметтер ала аласыздар, жаңа идеялармен рухтанасыздар.
Сіздер жаңалықтар ашуда, жаңа идеялар іздестіруде итермеші болатын қуат аласыздар. Сіздерді еліміздің болашағы дейді, ал мен "сіздер – бүгінісіздер" деп айтар едім. Сіздер бүгін әрекет етудесіздер, сіздер мемлекетіміздің игілігі үшін жұмыс жасаудасыздар. Ортақ іске қосқан кез келген, тіпті кішкентай болса да  үлестеріңіз экономикамыздың қарышты қадам жасауына көмектесе алады.
2005 жылы KAZENERGY ассоциациясы құрылғанда, оның қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде әлемдік стандарттарға сай келетін отандық кадрларды дайындау жүйесін құруға жәрдемдестік. Біз Қазақстанда білім алуды қолдадық. Бүгінгі таңда осы мәселе бәріміз үшін маңызды және өзекті.  Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар аралығында көптеген істер тындырылды. Ел басшысының сарабдал саясатының арқасында әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып  танылдық. Алдымызда жаңа міндеттер тұр. Ол – индустриялық-инновациялық серпінділікті жүзеге асыру. Бірақ бұл міндет сіздерсіз жүзеге аспайды. Сондықтан да KAZENERGY негізінде Білім бағдарламасын  құрдық.
Бұл ірі компаниялар бірлестігінің жастармен жұмыс жасауының бірден-бір мысалы. Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ , «ҚазРосГаз» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, Shell Kazakhstan Development B.V., Chevron Munaigas Inc., «КазСтройСервис» МГҚК» АҚ, «Lukoil Overseas Service В.V.» филиалы, «Statoil North Caspian AS» филиалы және басқа да компаниялар.
Осы компаниялардың қолдауының арқасында біз білім ошақтарымен тығыз байланыс орнатамыз және жаңа, сапалы кадрларды даярлауда жаңа жобалар жасаймыз. Бағдарлама аясында 500-ден астам маман даярланды. Олардың бірқатары форумға қатысып отыр. Өзін халықаралық деңгейде көрсетіп үлгерген ассоциацияның жастар комитеті құрылды. Бүкіләлемдік  мұнай кеңесі жастар комитетінің мүшесінің бірі – біздің түлегіміз. Жастардың келешегі үшін қажетті жағдай туғызу маңызды екенін түсіне отырып, біз білім алуға ғана емес, сонымен қатар жұмысқа орналасуға да жәрдемдесеміз.
Сіздердің алдарыңызда заманауи мемлекет құру, басқарудың жаңа ауқымын анықтау міндеттері тұр. Мемлекет экономикасы табиғат байлығы есебінен ғана емес, ақылды экономика есебінен де дамуы керек. Алда жақсы оқып, көп жұмыс істеңіздер. Сіздерді өз ісінің тәжірибелі мамандары алғашқы уақыттан бастап-ақ бағыттап отыратын болады. Бірақ келешекте тапсырманы сіздер бересіздер.

Алда өз жұмысыңызда көрсететін базалық талаптарды бүгін жасауыңыз мүмкін. Сіздің форумға қатысып отырғаныңыз – бұл сіздің саналы таңдауыңыз және сіз шынымен біздің Қазақстан үшін пайдалы болғыңыз келетініне мен сенімдімін.



PDFБаспаға жіберуE-mail