Зияткерлiк Ойын туралы

размер шрифта: Aa | Aa
alt

alt

                 alt                    

alt

KAZENERGY ассоциациясы Жастар комитетінің білім және ғылым департаменті "Мен жиырмадамын және мен қазақстандықпын!" акциясы аясында жаңа жобаны іске қосқандығы туралы хабарлайды.
Аталған жоба мұнай-газ және энергетика саласының жас, дарынды мамандарын іздеу мен қолдауды өзінің мақсаты ете отырып, аттас зияткерлік ойындар, пікірталастар, шеберлік кластарын өткізуді қарастырады.

Бірінші зияткерлік ойын 5 қазан күні, Жастар форумында өтеді. Бұл командалар шектеулі уақытта берілген тапсырманың дұрыс шешімін тауып, ұсынылған жағдайға бейімділік жағынан жарысатын командалық ойын.

Мақсатты аудитория (ойынға қатысушылар)  –  ЖОО студенттері мен 25 жасқа дейінгі жас мамандар.
Ойынға қатысқысы келетіндер 5 адамнан тұратын команда құрып, оны ассоциацияның сайтында тіркеу қажет. Команданың шешімімен команда құрамында тек энергетикалық мамандықтар емес, сонымен қатар экономика мен IT мамандықтарының студенттері бола алады.
Ойынды құрамында білім және ғылым, өндіріс салаларының беделді өкілдері бар қазылар алқасы бақылайды.
Ойын екі айналымнан тұрады: серпілу және практикалық.
Екі айналымнан кейін баллдар жиынтығы бойынша жеңімпаз команда анықталып, Жастар форумында мараптталады.

Конкурсқа қатысуға мәліметті Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек мекен-жайына жіберу қажет.

Анықтама үшін телефон +7 7172  79 01 84,  +7 7172  79 01 84   


*****
Құрметті ойынға қатысушылар!

Сайттағы қолжетімді ақпараттар, ойын шарты бойынша, осы кезең үшін жеткілікті. Тіркелген командалар бір күнде, бір көлемде, бірдей ақпарат алатындығына сіз де, біз де сенімді болуымыз үшін қажет.
Сайтта тіркеу аяқталғаннан кейін ойынды ұйымдастырушылар барлық команда капитандарымен хабарласады.
Ойынға қатысу шығындарын(жол, жатын орнын, тамақ) командалар өз мойнына алады, ассоциация оқу орны мен компанияға ойынға қатысуы туралы хат(босату үшін) ұсынады. 
Ойында дұрыс жауаптары ерекше сыйлықтармен бағаланатын сұрақтар қойылады. Атаулы сыйлықтарды демеушілер – еліміздің жетекші мұнай компаниялары – тапсырады. Жеңімпаз команда туралы мақала ассоциация сайты мен журналында жарияланады.


PDFБаспаға жіберуE-mail