Құттықтау хаттары

размер шрифта: Aa | Aa
alt alt

Өткізілу мерзімі:  8-9 қазан, 2013
Өткізілу орны:
Тәуелсіздік сарайы, 1 қабат, Салтанат залы, Астан қ. Қазақстан

Құрметті  VI Халықаралық «KAZENERGY» Жастар Форумына қатысушылары мен қонақтары!

Біздің еліміз инновациялық дамудың шешуші кезеңіне аяқ басқалы отыр. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарға жаңа ауқымды меже - «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзесу асыру мақсат етті.   Оны жүзеге асыру арқылы біз дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіре аламыз. Мұндай ауқымды мақсат барша Қазақстан халқына, әсіресе жастарға ерекше міндет жүктейді.

Елдің экономикасын түбегейлі жаңарту үшін жаңа батыл идеялар, қуатты интеллектуалды инвестициялар қажет болады. Нақты сіздер жастар, өмірімізде, жұмыс пен шығармашылықта жаңа өлшемдер ашып, Қазақстан дамуының көкжиегін кеңейтесіздер деп сенеміз. 

KAZENERGY қауымдастығы республиканың адами капиталының дамуына барынша септігін тигізіп келеді. Жылдар бойы  KAZENERGY білім беру бағдарламысының шеңберінде бірнеше жүздеген жас маман даярланды. Біз жастарға көрсетіп отырған қолдаудың арқасында таяу жылдары еліміздің мұнай-газ және энергетика салалары қуатты, әрі қарқынды ілгерілеп дамиды деп үміттенеміз. Бүкіл ел мен мемлекеттің игілігі үшін жақсы дайындалған білікті отандық мамандар жаңа ірі мұнай-газ кешендерінде еселі, табысты еңбек етеді.

Менің жас достарым!

Сіздер XXI ғасырда Қазақстанды дамытуларыңыз керек. Мен сіздердің дарындарыңыз бен жастық қуаттарыңызға сенемін. Сондықтан бұл көлемді тапсырманы көңілге қонымды етіп атқаратындарыңа күмән жоқ.

VI Халықаралық «KAZENERGY» Жастар Форумына қатысушылардың жұмыстары жемісті болып, табысқа жетулеріне тілектеспін!

VI Халықаралық «KAZENERGY» Жастар Форумына қатысушылары мен қонықтарына ыстық ықыласымды білдерімін.

Бірнеше ондаған жылдар бойы мұнай-газ саласы әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күші болып, ілгерілетіп келді. Бұл құбылыстан Қазақстан да шет қалған емес. Өйткені көмірсутегі ресурстары ұлттық экономиканың дамуына іргетас болып қаланып,  елдің экономикалық тәуелсіздігін айшықтап берді.  

2007 жылдан бері бұл Форум мұнай-газ саласының интеллектуалды потенциалын қалыптастыруға сүбелі үлес қосып келеді. Өйткені  ол талантты жастар мен мұнай-газ саласының жілігін шаққан майталмандарын, жетекші сарапшы, беделді мамандарын бір арнада тоғыстырып, ортақ пікір алаңына айналды. Бірлесіп, тізе қосып саланың түйткілді тұстарын талқылап, өз пікірлерін оратаға салып, болашаққа бірлескен әрекет жоспарын құруға мүмкіндік беріп отыр. Жастар Форумы аясында өтетін іс-шаралар мұнай-газ индустриясымен тығыз байланысты жұмыс істейтін мамандар арасында зор құрмет, беделге ие.

Батыл ой, новаторлық идея мен жасампаз қуат – бұл Форумды қалыптасқан дәстүр. Бұл жиын белсенді анық өмірлік ұстанымы бар интеллектуалды жастарды біріктіреді, болашаққа ұмтылған талантты жастарға жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашады. Форумның дәстүрлі түрде осы саланың ертеңіне алаңдайтын жандардың тиімді пікірталас алаңына айналарына нық сенімдімін.

Сіздерге новаторлық идеялар мен тың бастамалар, қызықты да маңызды жобалар, ең бастысы нәтижелі пікіралмасып, ой бөлісер жарыссөздер тілеймін!

Құрметпен,
Ұ.С.Қарабалин, Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрі, Еңбек Ері.     

Құрметті VI Халықаралық «KAZENERGY» Жастар Форумына қатысушылар мен қонақтары!

«ЛУКОЙЛ» компаниясы атынан сіздерге хош келдіңіздер дей отырып, пайдалы пікір алмасып, жемісті жұмыс істеулеріңізге шын жүректен тілектеспін!

Бұл «KAZENERGY» Еуразиялық энергетикалық форумы аясында жастардың алтыншы мәрте жүздесуі. Осы жылдар аралығында бұл іс-шара Қазақстанның дарынды, бастамашыл жастарын бір ту астына біріктіріп, танымал ғалым, сарабдал саясаткер, білікті іскер топ өкілдерімен қызықты да нәтижелі пікірталас жүргізу алаңына айналды.

Бұл жерде жастар пайдалы ақпаратқа қанығып, жаңа таныстар табады. Тың идеялардан жалынды қуат, жаңа талпыныс алып, тәжірибелі мамандармен пікір алмасу арқылы бағалы ой қорытады. Тың бастама, жаңа жетістіктерге жетелер ынта, ықылас ұшқынын табасыздар.

 Бастамаларыңызға табыс тілеймін! 

Андрей Кириллов, 
Астана каласындагы Лукойл Оверсиз Сервис Б.В. филиалынын Директоры

alt

Dear participants and guests of the VI International Youth Forum  KAZENERGY!

Recent events around the world have showcased the weaknesses of the global energy system, but have also uncovered new big opportunities such as the growing demand for energy, increased price volatility, the rising impact of climate change and the development of unconventional resources are only a few examples. It is up to the petroleum industry to rise up to these challenges and find innovative solutions that will create a sustainable energy future.

 This requires strong leadership, which is demanded from everyone involved in the industry, including the youth. Every day young people around the world work in the laboratories, conduct research, draft documents, craft strategies, provide technical advice, raise questions and challenge the current assumptions of the market, creating the opinion of the key decision makers of the petroleum industry. Many times unchallenged assumptions lead to misguidance, which is why young people should not be willing to lose the drive for innovation, implementation, efficiency and sustainable development.

 It is important for young people to realize that their daily activities impact on energy future and that at the same time they should also be well prepared to adopt an active role in creation of favorable future.

 Never has the youth had so many opportunities to actively participate in the debates of the petrolem industry, thanks to the emergence of new communication technologies. The World Petroleum Council (WPC), which has recognized the need for youth involvement early on, has created many innovative procedures in order to attract the most energized, driven, talented and prominent people of the industry.

 The Council's last achievement is the creation of a online discussion platform, where all WPC Youth Members from around the world can discuss the latest industry developments, publish their scientific research, work on proposals, brainstorm for innovative solutions and present new ideas to overcome the oil and gas industry’s current weaknesses and uncover new opportunities.

 The WPC Youth Committee will champion the best ideas. Today's most prominent industry leaders at the WPC's world class events, such as the WPC Youth Forums take part in he most significant oil & gas debates.

 As the Chair of the Global World Petroleum Youth Committee, I invite you all to support the WPC YC initiatives for a sustainable energy future.

 Support the new generation that will inherit both the strengths and the weaknesses of the industry.

Engage in the global discussions, take responsibilities, publish your work, state your opinion and act as a leader.

Chairman of  WPC Youth Forum 
Ms. Celine Rottier

 


PDFБаспаға жіберуE-mail