Құттықтау сөзі

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Қадірлі «KAZENERGY» V Халықаралық жастар
форумының қатысушылары мен қонақтары!

altСіздерді «KAZENERGY» Халықаралық Жастар форумының бес жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Бұл бастамамыз қазір өз-өзін толық ақтады деп нық сеніммен айта аламын. Осы уақыт ішінде көптеген дарынды жастар әр форум сайын мұнай-газ және энергетика саласының беделді өкілдерімен, жетекші сарапшыларымен және білікті мамандарымен жүздесіп, өз ойларымен бөлісу мүмкіндігіне ие болды. Мұның бәрі жастар үшін баға жетпес тәжірибе. Тың идеялар жинап, одан әрі қарыштап дамуына жол ашылды.

«KAZENERGY» жастар форумына қатысқан азаматтардың кейбірі бүгінде салалық компанияларда қызмет істеп, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып жүр. Атап айтсақ, Рахымжан Хисметов,  Илья Корольков, Азат Қанаев және Ғабит Көшірбаевтар кәсіби саладағы алғашқы қадамдарының осы форумда басталғанын мақтан тұта алады.

Жастар форумын ұйымдастыру кезінде біз халықаралық тәжірибе, үлгілерге арқа сүйедік. Жылдан-жылға үлкен бастаманы шетелдік әріптестеріміз де қолдады. Солардың бірі - Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің ұйымы мен оның бұрынғы басшысы Рэндал Госсен мырза. Сонымен қатар, «Statoil North Caspian As» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің бұрынғы бас директоры Одд Магне Инстефьорд мырзаны да қосқанымыз жөн. Нәтижесінде, ірі энергетикалық компаниялардың басқарушы тобында Қазақстандық менеджерлердің үлесі жыл сайын артып келеді. «Chevron Corporation Еуразиялық бөлімшесінің» басқарушы директоры Скотт Дэвистің отандық мамандарға берген жоғарғы бағасына шын жүректен риза болдым. Оның айтуынша, әлемдік компанияларда жұмыс істейтін Қазақстандық инженерлердің кәсіби біліктілігі күмән келтірмейді. Олардың теориялық-практикалық дайындықтары мықты.

Жастарымызға лайықты білім беріп, кәсіби машығын жетілдіріп, жаңа мүмкіндіктер беретін тиімді қарым-қатынастарды ары қарай нығайтуды біз міндетті түрде жалғастырамыз.

Қазақстанның белсенді қоғам мүшелері – жастар. Олардың ақпарат алмасу, білім жинау пәрмені жылдам. Бара-бара тәлімді жастарымыз еліміздің экономикалық қазынасына айналады.

XXI ғасырда Қазақстанды биік белестерге жеткізу аманаты бүгінгі жастарға түсіп отыр. Оқу, білімге құштар боп, озық технологияларды меңгеру – ең басты мақсат-міндеттеріңіз!

Көмірсутегінің мол шикізат қоры мен энергетика саласы еліміздің экономикалық өсуінің негізі. Индустриалды-инновациялық жобалар әлеуметтің тұрмысын жақсартудың бұзылмас темірқазығы.
Еңбектеріңізге адалдық беріп, ғылым-білімге құмарлықтарыңыз артып, істеріңіз әрқашан алға баса берсін!
Баршаларыңызға үлкен жетістіктер тілеймін!

Тимур Құлыбаев,
«KAZENERGY» Қауымдастығының төрағасы


alt

PDFБаспаға жіберуE-mail