Ұлы Жеңістің 70-жыл

размер шрифта: Aa | Aa
08.05.2015 11:16
9may_buklet_PRINT_KAZ_END__01

Биыл KAZENERGY қауымдастығы құрылғанына  10 жыл толуын  атап өтетіні өздеріңізге мәлім. Мерейтойлық шаралар шеңберінде біз үлкен мереке – Ұлы Жеңістің 70-жылдығын ескерусіз қалдыра алмадық. Аға буынның ерлігі мен қайсарлығына тағзым ете отырып  KAZENERGY қауымдастығы арнайы басылым шығарды. Қазақ және орыс тілдеріндегі жинақ Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне – Қазақстанның мұнай-газ және энергетика салалырының қызметкерлеріне, тыл еңбеккерлеріне арналады және осы сала еңбеккерлерінің жеңіске жетуге қосқан үлесін бейнелейтін жалғыз басылым болып табылады. Мұнда фронтта және тылда жанқиярлықпен еңбек еткен біздің отандастарымыз туралы материалдар ұсынылған. Жинақта фотосуреттер, өмірбаяндар мен  наградалар туралы мәліметтер берілген.  Жинақта ұсынылған барлық материалдарды қажетті тақырыпта іс-шаралар дайындағанда,  ақпараттық және өзге де мақсатта пайдалана аласыз.

Жинақты жүктеу

Social commentary Cackle
Баспаға жіберу