KAZENERGY Еуразиялық форумы

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Ассоциацияның ең беделді және танымал брендтерінің бірі – KAZENERGY Евразиялық форумы.
Пікірталас ауқымдылығы мен қатысушылар құрамы KAZENERGY форумы ұлттық оқиғалар шеңберінен шыққанын және жалпыконтиненттік маңызды оқиғалар мәртебесін белсенді түрде өзіне бекіткенін айтуға ерік береді.

Форум KAZENERGY қамқорлығымен ұйымдастырылады және 2006 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді, осы уақыт аралығында бес форум өтті. Өткен форумдар жұмысына отандық және шетелдік мұнай-газ және энергетика салаларының басты өкілдері, танымал еуропалық және америкалық саясатанушылар қатысты.
Форумдар қорытындысы бойынша, салалық диалогты жандандыруға, мұнай-газ және энергетикалық кешенді тұрақты дамытуды қамтамасыз етуге, халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік туғызған  шешімдер мен ұсыныстар өңделді.

Форум делегаттарының арасында мемлекет және ведомство басшылары, әлемдік және қазақстандық жетекші энергетикалық компаниялар топ-менеджерлері, басты сарапшылар мен БАҚ өкілдері бар. Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер, ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев және т.б. маңызды адамдар қатысты.

Сөйтіп, KAZENERGY Ассоциациясы өзіне мұнай-газ және энергетикалық саланы тұрақты және теңдестіре дамытудың  қосымша мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін салалық диалог орталығы мәртебесін бекіте алды.

KAZENERGY Еуразиялық форумы – мұнай-газ саласының кәсіпорындары мен барлық энергетикалық өнеркәсіпті біріктіретін беделді диалогтік алаң. Еуразиялық форум Қазақстандағы ең ірі халықаралық шара болып табылады.


        VIII KAZENERGY Еуразиялық форумы (ресми сайт)

  kazenergyforum.com