«Н Оперейтинг Компани» ЖШС

размер шрифта: Aa | Aa
01.09.2015 19:58

Құрметті «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының ұжымы!

Сіздерді Қауымдастықтың 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

«KAZENERGY» қауымдастығының серіктестері мен мүшелері болып табылатын еліміздің ірі мұнай-газ және энергетика компанияларын қолдауға, Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін дамытуға Қауымдастықтың қосып отырған үлесі зор.

10 жыл қызметінің барысында «KAZENERGY» қауымдастығы мұнай-газ саласы қызметкерлері мен басқа да жер қойнауын пайдаланушылар үшін «ақпарат көзі» бола тұрып, Қазақстанның энергетика саласын дамытуға септігін тигізді.

Халықаралық және қазақстандық сарапшылардың басын қосқан KAZENERGY ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫН ерекше атап өткіміз келеді. Бұл форум тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды игеру және жаңа бизнес идеялардың туындауы үшін оңтайлы алаңға айналды.

Қазақстан экономикасын дамытудың басты стратегиялық ресурсы болып табылатын мұнай-газ және энергетика кешені Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатардағы бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосылу стратегиясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. «KAZENERGY» қауымдастығы осы мақсатты жүзеге асыруға қатысатын үлкен механизмнің ажырамас бөлігі екендігі анық.

Қауымдастықтың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізіп, әрі қарай дамып, өркендей беруіне және Қауымдастық пен компаниямыздың арасындағы ынтымақтастықтың жалғасуына тілектеспіз!

Құрметпен,

«Н Оперейтинг Компани» ЖШС

PDFБаспаға жіберуE-mail