KAZENERGY форумы – тарихи ракурс

размер шрифта: Aa | Aa

KAZENERGY форумы – тарихи ракурс

2006 жылы өткен Бірінші KAZENERGY Еуразиялық форумы қатысушылардың назарын "Мұнайгаз саласы және энергетика" жалпы тақырыбы шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымдарды қазақстандық қалыптастыру және қамтамасыз ету мәселесіне, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға, мұнайхимия кластерін құруға, энергияны табуда балама көздерді енгізуге аударды. Сол кезде форумға 200-ден аса делегат қатысты.

alt alt

Бірінші KAZENERGY Еуразиялық форумы жұмысының қорытындысы бойынша KAZENERGY ассоциациясы қызметінің негізгі бағыттары тұжырымдалды. 
Форум KAZENERGY бастамаларына тәжірибелік қолдаудың маңызды инструменттерінің бірі болды. Ішінара KAZENERGY ассоциациясының мұнай-газ және энергетика кешенін дамыту мәселелері жөніндегі ведомоствоаралық комиссияны құру туралы бастамасы қолдау тауып, Еуразия энергия жеткізу тұрақтылығы пактісі мен Каспийдегі тұрақтылық пактісін қабылдау мақұлданды.
Сонымен қатар жер асты байлығын пайдалану қызмет рыногында қазақстандық құрамды дамытуға, мұнай-химия саласын дамыту жөніндегі мембағдарламаны іске асыруда мұнай-химия өндірісін құруға ерекше көңіл бөлінді. 

Екінші KAZENERGY Еуразиялық форумы аналитикалық ақпараттарды шолумен қатар, мұнайгаз және энергетика салаларын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, ұсыныстар мен ұсынымдар жасауға, тиімді заңнамалық механизмдер мен экономиканың негізгі секторлары қызметтерінің тәжірибелік құралдарын құрудағы бірыңғай амалдарды келісуге, сонадай-ақ бәсекеге қабілетті экономиканы қамтамасыз етудегі ұлттық компаниялардың маңызы туралы пікірталастарға арналды.

alt alt

Екінші KAZENERGY Еуразиялық форумы жұмысының қорытындысы бойынша энергетикада соны балама бағыттарды дамытуға жұмылдырылған заң жобалары мен бағдарламалар, тұжырымдамаларды дайындауға қолдау көрсету; экологиялық талаптарға  жауап беретін, энергия үнемдейтін, ғылымды қажет ететін технологияларды енгізуге жәрдемдесуге және электрэнергетикада инвестициялық ахуал туғызуға белсене қолдау көрсету; еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі  және еңбек жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау; ШЫҰ елдерінде энергетикалық ықпалдастық бастамасын қолдау туралы шешім қабылданды.

2008 жылы өткен Үшінші KAZENERGY Еуразиялық форумы Қазақстанның, сондай-ақ бүкіләлемдік қоғамдастықтардың энергетикалық мүдделерін қозғай отырып, сол кезеңдегі аумақты да ерекше өткір болып табылған өзекті және күрделі үдерістер мен үрдістерді талқылауға баса назар аударды.
Үшінші форумның 400-ден астам делегаты «Жаһандық шақырулар – энергетикалық шешімдер» басты тақырыбы аясында энергетикалық салада халықаралық әріптес ретіндегі Қазақстанның сенімділігі мен жауапкершілігіне ерекше тоқталды.
"Жаһандық шақырулар мен стратегиялық альянстар" аясында өткен барлық пікірталастар үшін басты негізін анықтайтын ерекше маңызды тақырыптарға тоғыстырылды.

alt alt

Әлемнің 15 елінен 800 қатысушыны жинаған, Қазақстанның энергетикалық апталығы – Kazakhstan Energy Week шеңберіндегі Төртінші KAZENERGY Еуразиялық форумы  ерекше маңызды тақырыпқа назар аударды. «Жаһандық шақырулар және стратегиялық альянстар» тақырыбы – барлық өтілген пікірталастар үшін айқындаушы болды.

IV Еуразия энергетикалық форумының қатысушылары, ішінара Еуропа мен Азия арасындағы энергетикалық әріптестік тақырыбына көбірек көңіл бөлді.

Себебі барлық елдерді энергетикалық ресурстармен сенімді қамтамасыз ету, Еуразия континентіндегі тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі болып табылатындығында. Ең алдымен, мәселе елдер өңірлері арасындағы өзара тиімді, теңдестірілген энергетикалық саясатты келісу туралы болып отыр.


alt alt

Барлығы 8 пленарлық мәжіліс пен секция өтті. Форумның екі күнгі жұмысында, сонымен қатар, энергия тасылмалдау және электрэнергетика өнеркәсібін дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру, мұнай және газ-химия мен мұнай өңдеу келешегі, біртұтас және ынтымақты өзара әрекеттестік саясатын құру және ірі халықаралық энергетикалық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа қаржылық инструменттер іздеу мәселелері талқыланды.
Төртінші форумның жұмысына Қазақстан тарапынан Премьер-Министр К.Мәсімов, ҚР Президентінің кеңесшісі Н.Балғымбаев, Энергетика және минералдық ресурстар министрі С. Мыңбаев, Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Әшімов, KazEnergy ассоциациясының төрағасы Т.Құлыбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  басқарма төрағасы Қ.Қабылдин және басқалар қатысты.
Шет ел спикерлері қатарында Германияның 33-ші канцлері, директорлар кеңесінің мүшесі, Nord Stream AG акционерлер комитетінің төрағасы Г. Шредер, БМК президенті Рэндал Госсен, Болгария Экономика, энергетикаи және туризм министрі Трайчо Трайков, Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаев және басқалар бар.
IV Еуразия энергетикалық форумы жұмысының қорытындысы бойынша
Қазақстан мен басты халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған; жаһандық экономикалық дағдарыстың энергетика саласына әсерін болдырмауда бір-бірін қолдау өңірлік механизмдерін қалыптастыру; энергетикалық салада экологияның маңыздылығын арттыру; Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу және мұнай-химия өндірістерін салуды, бұрынғыларын қайта жаңғыртуды тездету; республикамыздың энергетикалық саласында жергілікті құрамды   арттыру; мемлекеттік қолдаудың қажетті көлемін, соның ішінде ұлттық энергетикалық секторды ары қарай дамыту үшін инвестициялық көлемді қамтамасыз ету; жаңғыру үдерісін арттыру және электрөндіруші күш әлеуетін нығайту; энергияны алудың балама көздерін енгізу туралы шешімдер қабылданды.

PDFБаспаға жіберуE-mail