I Еуразиялық форум

размер шрифта: Aa | Aa

Бірігу форумы: өткенді еске ала отырып


Бірінші KAZENERGY Еуразиялық форумы еліміздің отын-энергетика кешенін дамытуда жаңа кезеңді белгіледі. Алғаш рет сындарлы пікірталас жағдайында өсудің "проблемелы нүктелерін" анықтау, дамыудың ары қарайғы келешегін белгілеу әрекеті қолданды. 

Өкімет өкілдері, ғалымдар, мұнай-газ және энергетика салаларының ірі кәсіпорын жетекшілері, шет ел сарапшылары жаңа жобалар қай бағытта дамиды, бұрынғы мәселелерді шешу жолдары қандай деген сұрақтарға жауап беруге және талқылауға мүмкіндік алды. Тек KAZENERGY ғана өткір мәселелерді айналып өтпей, тең құқылы сұхбат құра алатын диалогтік алаң бола алды.

"Алдымен экономика, сонан соң саясат" – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзі Еуразия энергетикалық форумының девизі бола алар еді. 2006 жылғы қыркүйек өзара бірін-бірі толықтыратын қоғам, өкімет пен бизнесті дамытуға әрі қарай жаңа философиялық оң шешімдерді жасауға қызмет ететін қазақстандық ОЭК кәсіпорындарын  идеологиялық құрылымдаудың бастауы болды.

alt

KAZENERGY  ассоциациясы форумды өткізуге бастама көтере отырып, ары қарайғы іс-әрекет векторын анықтаушы күш ретінде қазақстандық "мұнайшылар" мен энергетиктердің шығармашылық күшін  нығайту міндетін мойнына алды.

Дәл мұнай-газ секторына қазақстандық экономика «локомотивін» ілгерілету рөлі жүктелгенін естеріңізге салу артық болар. Бұдан шығатыны, форум Мемлекет басшысымен қойылған жойқын міндеттерге қызмет етті. Ол міндет Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің деңгейіне көтеру болатын. Бірақ осыншама өткір міндеттің алдында бастапқы шарттарды талдау тұруы керек. Форумды шақыру осы мақсатқа қызмет етті.
 
KAZENERGY ассоциациясының төрағасы Еуразия энергетикалық форумына қастысушыларға арнаған құттықтау сөзінде "мұнай-газ және энергетиканың іске асатын әр жобасы экономикамыздың қосымша "секіріс" жасауына, жергілікті сервистік компаниялар мен өндірістерді дамыту үшін жаңа жұмыс орындарын  құруына мүмкіндік береді" деуі кездейсоқ емес.

– Бүгінде мұнай-газ және энергетика салаларының ІЖӨ-дегі үлесі, салық төлеудегі басым үлесті айтпағанның өзінде, 50% -дан асады, – деп сөзін ары қарай жалғады Тимур Құлыбаев. – Бұның бәрі бізге "Қазақстан мұнай және энергетика аясында еліміздің мүддесі қалай жүзеге асып жатқандығына мақтана алады" деп сенімділікпен айтуға толық құқық береді.

Тимур Құлыбаев мұнай-газ саласындағы жағдайды талдай келе, ірі жобалардағы қазақстандық қамту 30 пайыздан асқанын, ақшаға шаққанда миллиард АҚШ долларынан асқанын еске салды.

– Жақын болашақта осы көрсеткішті 50% -ға дейін көтерудің үлкен әлеуеті бар, – деп атап өтті Т. Құлыбаев. –Бірақ бұл мақсат тараптар арасында екі жақты түсіністік болған жағдайда ғана қолжетімді.  Бұл үшін біз ашықтық қағидатымен іс-әрекет етіп, қазақстандық тауарлар мен қызметті жеткізушілерді кемсітпей, керісінше халықаралық сапа стандарттарын енгізу және ұзақмерзімді жоспарлау  кезеңінде олармен ынтымақтастықта болуымыз қажет, – деп түсіндірді өз ұстанымын ассоциация төрағасы. 
 
Сондай-ақ KAZENERGY ассоциациясында үлкен жауапкершілік бар. Ол – Қазақстанның мұнай-газ және энергетикалық кешенінің динамикалық және тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға қолдау көрсету, мемлекет пен энергетикалық салалар арасында диалогті жақсарту, Орталық Азия энергетикалық рыногына қатысушылардың барлығы үшін әділ ережелер белгілеуге және заңнама дайындауға белсенді түрде қатысу.

Тимур Құлыбаев KAZENERGY-дің осы салалар үшін маңызды заң жобаларын дайындауға белсене қатысушы, мұнай-химия, барлау және өндіру жөніндегі шет ел инвесторлары кеңесінің жұмыс тобына кірген, «өте тиімді, әрекет етуші ұйым ретінде маңызы бар» екенін фактімен белгіледі. 

– КazEnergu ассосациясы мемлекеттік органдар мен энергетика саласындағы кәсіпорындар арасында модератор болуға дайын, –  деп түйіндеді сөзін ассоциация төрағасы.

Пікірталасқа қатысушылардың назарын энергетикалық сектордың басым бағыттарына көбірек аударуға ұсыныс жасаған ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, дамудың негізгі міндеттерін мәселесін көтерді. 
К.Мәсімовтың ойынша, басты мақсат өндіріс экологиясы болу керек.
– Қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау политикасы өндіру саласы дамуының басты мақсаты болу керек, деп атап көрсетті Үкімет басшысы.– Ол үшін өндірістік қызмет аймағында экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін жаппай «нөлдік шығарындылар» политикасын қолдана отырып, халықаралық тәжірибе негізінде таза технологияларды енгізуге күш біріктіруге шақырамын.
– Табиғатты қорғау заңнамалық актілерінің талабын ескермеуге жол бермеу керек,– деп мәлімдеді К.Мәсімов.
Ары қарай жұмыстың осы бағыты еліміздің Экология кодексін өңдеу бойынша  КazEnergu ассоциациясы қызметінде дами бастады. Кодексте «нөлдік шығарындылар» қатаң нормасы және басқа да бірқатар маңызды сәттер бекітілген.
Үкімет басшысы мұнай және газды қайтадан өңдеу дәрежесін көтеру қажеттілігі туралы мәлімдеді.
– Республика Үкіметі  Батыс Қазақстанда мұнай-химия кластерін құру аясында еліміз территориясында мұнай-химия өндірісін дамытуға,  шикізатты тыңғылықты өңдеуге дайын кәсіпорындарға қолдау көрсетеді,  деп атап көрсетті Премьер-Министр. –  Сіздердің біріккен өндірісті құруға деген күш-жігерлеріңіз еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосар еді.
Осы мақсат KAZENERGY жұмысында көрініс тапты. Бұл ассоциацияның мұнай өңдеу мен мұнай-химия өндірісін дамыту жөніндегі Бірінші Каспий маңы елдері форумы мен Астана қаласында өткен арнайы конференцияда  бастамашылардың бірі болғаны белгілі. Ассоциация шеңберінде осы мәселе төңірегінде арнайы жұмыс тобы құрылды. Банк бизнесі және ноу-хаумен әуестенетін ғалымдар, өндірушілердің өзара қарым-қатынасын дамыту жолдарын қарастыру көзделген.

Үкімет басшысының қойған тағы бір маңызды міндеті: мұнай өндірудің сервистік секторында қазақстандық құрамды дамыту.
– Ірі мұнай-газ және энергетикалық сектор кәсіпорындары отандық машина жасау, шағын және орта бизнесті дамыту мен экономикалық өсудің катализаторлары болуы тиіс, – деп атап өтті К.Мәсімов.
– Ол үшін ассоциация мүшелері іске асырған жобаларда қазақстандық құрамның деңгейін тез арада және сапалы тұрғыда көтеру үшін отандық бизнеспен нақты әріптестікті, өткізілетін тендерлердің ашықтығын жоғарылату бойынша ұсыныстар жасау керек.
 К.Мәсімов  қазақстандық қамту және еліміз азаматтары арасынан кадрларды осы салаға іске тартуда штелдік инвесторлар өз міндеттерін дұрыс сақтауы үшін Үкімет заңнаманы қайта қарайтынын  айтты.
Премьер өз уәдесінде тұрды. Ассоциация да Қазақстандағы байлық көзін Үйлестіру кеңесінде үнемі басты тақырып ете отырып, халықаралық срапшылар мен шетелдік инвесторларды тарта білді. 
Қазақстандық мамандарды даярлау мәселесі ассоциация мен оның мүшелерінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде  таңдалынып алынды.

 Бұл жұмыстың нәтижесі – KAZENERGY-дің қолдауымен «ҚазМұнай Газ» ҰК» АҚ мамандардың бірыңғай даму орталығы жеке мекемесі өткізетін жыл сайынғы адам ресурсы жөніндегі ғылыми-практикалық конференция. 

alt

Ассоциация қызметі – Үкімет қойып отырған міндеттердің жалғасы. Ассоциация мүшелерінің пікірлері мен ұсыныстарын атқарушы билік өкілдері тыңдайды.

Бәлкім, жеке-мемлекеттік әріптестік туралы тезиске баса назар аудару үшін болар, ҚР Энергетика вице-министрі Б.Ақшолақовтың баяндамасында айтылған «Қазақстан ОЭК(Отын-энергетика кешені) даму стратегиясы» форумда тұсауын кесті. Форумға қатысушылар Үкіметтің алға қойған мақсаттарын, ұзақмерзімді кезеңге кешенді дамыту  идеологиясы мен тұжырымдамасын анық ұқты. Қазақстанда іске асып жатқан өндіруші салалар ашықтығы бастамасы туралы жағдай ақыл қорытып, терең талдау жасау, тиісті дәрежеде жетекшілік  етуге алып келді. 
Жұмыстың бұл бағыты KazEnergy қызметіндегі маңызды басымдықтардың бірі болды. Ассоциация үздіксіз жүргізіп отырған бастаманы насихаттау ісі –  ашықтық туралы меморандумға еліміздің аса ірі мұнай-газ компанияларының бірігуінің нәтижесі.  

Ассоциация өзінің жұмысында қатысушыларының «ішкі тобында» тұйықталып қалмайды, сала алдында тұрған практикалық мәселелерді шешеді. (Ассоциацияның Жұмыс тобы мүшелері мен ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің біріккен конференцияларында бірнеше рет талқыланған трансферттік баға белгілеу туралы мәселе де жоғарыдағыға қатысты).

Ассоциация мүшелерінің әр түрлі халықаралық форумдарда сөз сөйлеуі елдегі қолайлы инвестициялық климат туралы Үкімет мәлімдемелеріне оң әсер туғызады.  
Еуразия энергетикалық форумы да халықаралық оқиғалардың біріне айналды. Форумның болатынын қазақстандық кәсіпорындар жетекшілері ғана емес, сонымен қатар ірі эксперттік топтар мен әлеуетті инвесторлар да күтеді.

«Барлық мемлекеттің тулары – бізге қонаққа» – Еуразия энергетикалық форумы сындарлы ынтымақтастыққа дайынмын дегендерге қайтадан есігін айқара ашады.


 
PDFБаспаға жіберуE-mail