II Еуразиялық форум

размер шрифта: Aa | Aa
II KAZENERGY ЕУРАЗИЯ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

2007 жылы 6-7 қыркүйекте Астанада Екінші «KAZENERGY» Еуразия энергетикалық форумы өз жұмысын өткізді. Мақсаты – мұнай-газ және энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелерін шешу: аналитикалық ақпараттарды шолу, ұсыныстар мен пікірлер әзірлеу, Қазақстан экономикасының басты секторы қызметінің тәжірибелік құралдары мен нәтижелі заңнамалық механизмдерін құруға бірыңғай оң шешімдерді келісу.

Форум жұмысын ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов пен «KAZENERGY» ассоциациясының төрағасы Т.Құлыбаев ашты.

– Қазақстан Республикасы әлемдік экономиканың толық құқылы қатысушысы ретінде, сондай-ақ энергетикалық салада да, дамудың орнықты және тұрақты орталығының бірі болып табылады, – деді өзінің қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.

Мұнай-газ саласын дамыту туралы айта отырып, Премьер-Министр Қашаған кен орнын игеруге байланысты мәселелер жайында да айта кетті. Кәрім Мәсімов Қазақстан Үкіметі жоба бойынша мәселелерді тезірек шешуге бағытталған ашық диалог өткізуге дайын екенін, бұл ретте біз еліміздің ұлттық мүддесін ескермейтін және Қазақстанның заңнама ережелерін бұзғысы келетіндердің заңсыз іс-әрекеттерінің жолын қатаң түрде кесетінімізді ашық түрде мәлімдеймін, деп ерекше атап өтті.

Қашаған жобасындағы жағдайды Үкімет дербес жағдай ретінде бағалайды. Қазақстанда нақты және әлеуетті инвесторлар мүдделері зиян шекпейді.

– Қазақстан келісімшарттағы міндеттемелерді бұзбайтын және олардың тұрақтылығы үшін жауап беретін сенімді және тұрақты серіктес болып қала береді. Қазақстан Үкіметі өз ұстанымын тек инвестор өзіне жүктелген міндетті орындай алмаған жағдайда ғана түзетеді, – деп мәлімдеді Премьер-Министр.


alt alt
 

Форумның бірінші жұмыс күні мұнай-газ және энергетика саласын дамытудың стратегиялық мәселелерін талқылаудан басталды. Пленарлық мәжіліс барысында Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Владимир Школьник, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин, Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Chevron International Exploration and Production бас директорының орынбасары Тэд Этчитсон, АҚШ Стратегиялық зерттеулер орталығы энергетика департаментінің аға директоры Эдвард Чоу және BG International Ltd. Kazakhstan президенті Луис Аффлек баяндама жасады. 

Форум ары қарай «Мұнай-газ саласын дамытудың басты трендтері»; «ҚР-да мұнай-газ және энергетикалық жобаларды дамытудың әлеуметтік және экологиялық аспектілері»; «ҚР-ның энергетикасын дамытудың болашағы мен осы заманғы ахуалы» секциялар жұмысымен жалғасты. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Қазына» тұрақты даму қоры бірінші жетекшілерінің, Қызылорда облысы әкімінің, Еурокомиссия мен Бүкіләлемдік банк өкілдерінің, отандық және шетелдік ірі компаниялар, шетелдік қаржылық, аналитикалық және ғылыми мекемелер басшыларының баяндамалары тыңдалды. 

Форум барысында «KazEnergy» ассоциациясының төрағасы Т.Құлыбаевқа Каспий интеграциялық іскер клубының(Caspian Integration Business Club) құрметті мүшесі сертификаты табыс етілді. 100-ден аса компанияны біріктіріп отырған бұл ұйым мемлекеттер арасындағы аймақтық қарым-қатынасты дамыту, мемлекеттік құрылым мен жеке бизнес арасындағы байланысты күшейту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және энергетика салаларында ықпалдастық үдерістерді дамыту мақсатында құрылған.

II Еуразиялық энергетикалық форум қорытындысында Каспий ақпараттық бастамасын құру туралы меморандумға қол қойылды. 

Меморандум бастамаларға қатысушылар арасында өзара тиімді ақпарат алмасуды; өңірлер алдында тұрған шақыруларды талқылау бойынша диалогтік алаң құру; Каспий өңірі мемлекеттерінің коммерциялық компаниялары мен қоғамдық ұйымдары, БАҚ арасындағы өзара іс-әрекет аясын кеңейту мен байланыстарды қолдауды болжайды.

____________________________

РЕЗОЛЮЦИЯ 
II KAZENERGY ЕУРАЗИЯ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ ҚАРАРЫ

II «KAZENERGY» Еуразия энергетикалық форумының қатысушылары дамуы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыруда басым бағыт болып табылатын мұнай-газ және энергетикалық кешеннің жауапкершілігі мен рөлінің артуын белгілейді

Энергетикалық форум Үкіметтің жоғары органдары атынан құттықтайды. ҚР Премьер-Министрі, Парламент комитеті жетекшілері мен депутаттар, Үкімет және жергілікті өкімет органдары өкілдері, министрліктер мен ведомостволар жетекшілері, сондай-ақ энергетикалық кешен корпорациялары, қаржы құрылымы жетекшілері, ғылым қайраткерлері мен отандық және шетелдік БАҚ, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысқан форум, мұнай-газ және энергетика саласын ары қарай дамытудың стратегиялары жөніндегі ұсыныстар мен баяндамалар, мемлекеттік және жеке серіктестіктің тиімділігі, салада мемлекеттік активтерді басқару, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, тұрақты даму мен ашықтық, энергиямен қамтамасыз ету және энергияны үнемдеу мәселелері, экологиялық қауіпсіздік, кәсіби білім және т.б. тақырыптарды қамтыды.

II «KAZENERGY» Еуразия энергетикалық форумының қатысушылары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары, мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары мен кәсіпорындар, ғылыми зерттеу және білім мекемелерінің, қоғамдық және басқа да ұйымдардың өкілдері атынан келесі шешімдерді қабылдады:

1. Мұнай-газ және энергетика кешенін дамыту мәселелері бойынша ведомоствоаралық комиссиялар, сондай-ақ Үйлестіруші кеңестер қызметінің сәйкес бағыты бойынша жұмысын жалғастыру.

2. Қолдау бойынша ынталандырушы шаралар жиынтығын ескере отырып, энергетикадағы жаңа баламалы бағыттарды дамытуға бағытталған заң жобалары мен бағдарламалар, тұжырымдамалар әзірлеуді қолдау.

3. Энергетикалық нысандарды қайта құру және бұрынғыларын қайта жаңғырту, сондай-ақ жаңаларын салу жөніндегі шаралармен электр энергиясындағы экономиканың үдемелі қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында экологиялық талаптарға жауап беретін, ғылымды қажет ететін, энергия үнемдеуші технологияларды енгізуге қолдау көрсету және электрэнергетикада оңтайлы инвестициялық ахуал құруға белсенді мүмкіндік беру.

4. Өндіруші салаларда ашықтық бастамасын жүзеге асыру мақсатында Бастамаға қосылу жөніндегі жұмысты жандандыру, қазақстандық бизнестің жағымды беделін қалыптастыру жөніндегі үдеріске үн қосу және ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ету, KazEnergy ассоциациясын Бастаманы іске асыру үдерісінің доноры ретінде ұсыну, сондай-ақ ірі шет ел компанияларындағы қызметті, отандық өнімді үйлестіру және жеткізу жөніндегі жүйелік жұмыстарды жүргізу.

5 .Заңнамаға өңдеуші өнеркәсіптердің дамуын, ішінара мұнай өңдеуші және мұнай-химия кәсіпорындардың бұрынғыларын жаңғырту мен жаңаларын салуды тездетуді ынталандыратын өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды дайындау.

6. Тиімсіз кен орнындағы мұнайды шығаруды ынталандыру үшін салықтың сараланған түрін қолдану шараларын қоса ала отырып, мұнай өндіру әлеуеті мен жерқойнауын пайдалану тиімділігін жоғарылату мәселелерін зерттеу. Немесе аз мөлшерлі ұңғымалардан мұнай өндіруді жаңғырту. Халықаралық тәжірибе негізінде кен орындарындағы мұнай қайтарымын арттыру мен оңтайландырудың әр түрлі моделдерін зерттеу. Сондай-ақ жер асты байлығын пайдалануды лицензиялауға халықаралық тұрғыдан келу.

7. Энергетикалық қызметтің қоршаған ортаға әсері мәселелерінің маңызын белгілеп, сондай-ақ болашақ ұрпаққа жаңғырмаған энергоресурстар әлеуетін сақтай отырып, отын-энергетика теңгеріміне жаңғыртылған энергия көздерін тарту, энергетика кәсіпорындарында қоршаған ортаны ластауды бақылау жүйесін жетілдіру, экологиялық таза технологияларға өтуді және отынның замануаи стандарттарын өндіруді жеделдету.

8. Қазақстанның энергетикалық жобаларындағы кадрлық қажеттілік маңызын ескере отырып, әлемдік тәжірибе негізінде ұсыныс дайындау. Бұл тәжірибе республикамыздағы білім базасы және салалардың мамандарға деген бірінші кезектегі қажеттілігін қанағаттандыруы керек. Тәжірибелік-конструкторлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын дамытуды ынталандыру, инжинирингтік қызмет отандық рыногын нығайту.

9. Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы елдеріндегі энергетикалық ықпалдастық бастамаларының заманауилығы мен маңыздылығын зерделей отырып, ШЫҰ мемлекеттері өзара энергетикалық әрекеттестігінің жаңа сапалы ахуалына жету жолдарын анықтауда кеңестер ұсыну.

10. Еңбек шарттары, қауіпсіздігін мен еңбекті қорғауды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау.

11. газ кен орындарын пайдалану перспективалары тақырыбын, соның ішінде өңдеу,тасымалдау аспектілері мен экология және қалдықтарды кәдеге жарату мәселелерін тыңғылықтау.

12. Қазақстанның энергетикалық әлеуетін энергияның әлемдік энергетикалық картадағы орны мен қорына сәйкестендіре дамыту бойынша жұмыстар жүргізу және Орталық Азиядағы стратегиялық әрекет мәселелері мен артықшылықтарын зерттеу.

13. Мұнай-газ кен орындарын дамыту келешегін есепке ала отырып, Қазақстанның транспорттық әлеуетін оңтайлы дамыту мәселелерімен жұмыс істеу.

PDFБаспаға жіберуE-mail