III Еуразиялық форум

размер шрифта: Aa | Aa
III KAZENERGY Еуразия энергетикалық форумы
«ЖАҺАНДЫҚ ШАҚЫРУЛАР – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР»  

2008 жылдың 4-5 қыркүйегінде Астанада жаһандық және ұлттық энергетиканың даму аспектілері мен басты мәселелерін талқылауға арналған ІІІ «KAZENERGY» Еуразия энергетикалық форумы дәстүрлі түрде өтті.

Форум шеңберіндегі пікірталастарға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, Түркия энергетика және табиғат ресурстары министрі Мехмет Хилми Гюлер, KAZENERGY ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаев, БМК президенті Рэндалл Госсен, отандық және шет ел мұнай-газ және энергетика компанияларының бірінші жетекшілері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Жалпы Форум жұмысында мемлекеттік өкімет, бизнес-қоғамдастық, дипломатиялық және сараптама топтарынан барлығы 400-ден аса беделді де танымал өкілдер бас қосты. Форум жұмысын әйгілеуге  40-қа тарта отандық және шетелдік БАҚ тіркелді.

Сөйтіп Еуразиялық форум өз деңгейі мен көлемі  бойынша  Орталық Азия аймағында  баламасыз екендігін тағы да дәлелдеді.

Үшінші Еуразия энергетикалық форумының негізгі тақырыбы – "Жаһандық шақырулар – энергетикалық шешімдер" – іс-шараның қонақтары мен қатысушылары тарапынан үлкен қызығушылығын тудырып, жаһандық және ұлттық энергетикалық үдерістердің өзара байланысын талқылау мәселесінің өзектілігін көрсетіп берді.

Форумның негізгі тақырыптық бағытын таңдау Қазақстанның да, әлемдік қоғамдастықтың да энергетикалық мүддесін қозғай отырып, бүгінгі таңда өте өткір де ауқымды көрінетін маңызды үрдістер және ағымдармен анық негізделген. Форумның екі күнгі жұмысында 8 пленарлық мәжіліс пен секция болып өтті.

Әлемдік және қазақстандық энергетиканы дамытудың келешегімен байланысты стратегиялық мәселелерді де, жаһандық энергетикалық шақырулардағы компания беделі немесе мұнай-газ геологиясы сияқты арнайы аспектілерді де қамтыған пікірталастар барысында форум қатысушыларына, жалпының мойындағанындай, өзара тиімді диалог құрудың сәті туды.

Форум жұмысының соңына қарай бірлескен Қорытынды мәлімдеме қабылданды, онда жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Қазақстан мұнай-газ және энергетика саласын іргелі оңтайландыруға жәрдемдесуге бағытталған пленарлық мәжілістер мен секциялардың маңызды ұсыныстары мен қорытындылары көрініс тапты. 
 
__________________________________
Қорытынды мәлімдеме

 ІІІ KAZENERGY Еуразия энергетикалық форумы барысында келесідей өзекті мәселелер талқыланды:
 
- заманауи жаһандық үдерістер контексінде Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласын дамыту стратегиясы;
- Қазақстанның энергетикалық өнеркәсібін дамыту стратегиясы және жаһандық энергетикалық шақырулар; Қазақстандағы мұнай-газ өнеркәсібін дамыту қырлары;
-  әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік;
-  Рыноктағы алдыңғы қатарлы мұнай-газ технологияларының бәсекелестігі;
-  энергетикалық өнеркәсіптегі технологиялар және тиімді шешімдер; энергетикалық рыноктардың ықпалдастығы;
- жаңартылған энергия көздері;
- тұрақты экономикалық даму ұстанымы тұрғысынан саланы басқару; мұнай мен газ геологиясы.
alt 

Қазақстанның энергетика саласының құрылған өндірістік, ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуеті және табиғи отын-энергетика ресурстары – басты ұлттық құндылық. Оны тиімді пайдалану халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін, тұрақты даму жолына өту және қажетті іргетас болып табылады. Бұл баға жеткізгісіз құндылықты толық түрде пайдалануға, қазіргі заманғы экономика жағдайында Қазақстанның ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамды энергиямен ұзақмерзімді тұрақты қамтамасыз етуге негіз қалау және мемлекеттің энергетикалық тәуелсіздігін сақтау үшін форум делегаттары тиімді де үзіліссіз ұлттық энергетикалық диалогті жүзеге асыруға толық қолдау көрсетуге ниетті.
 
Үшінші KAZENERGY Еуразиялық энергетикалық форумына қатысушылар Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешенінің динамикалық ілгерілеуі мен үдемелілігін қамтамасыз етуде өзінің толық қызығушылығын таныта отырып, энергетикалық диалогті тереңдетуде, мемлекеттік-жеке әріптестікті кеңейту, отандық энергетиканы дамытудың жалпылама қағидаттары мен оңтайлылығын ары қарай қалыптастыру бойынша күштерді шоғырландыру қажеттігін ескере отырып, келесідей тұжырымдамалық принциптер мен ұсыныстарды қабылдауды қолдайды:

-    ұлттық энергетика саласы мен экономиканы жалпы дамытуға айтарлықтай әсер ететін бейінді республикалық заңнамаларды, маңызды нормативті-құқықтық актілерді, мемлекеттің қолдауымен, дайындауға Қазақстанның сарапшылар қауымдастығы, ҒӨБ, отандық бизнестің қатысуын активтендіруге болысу;

-   мемлекет пен бизнес арасындағы ұлттық диалогтің ары қарай нығаюына, ассоциациямен шақырылған тиісті ведомоствоаралық комиссиялар мен үйлестіру комитеттері жұмыстарына қолдау көрсету;

-   әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ары қарай өрістетуге мүмкіндік беретін әлеуметтік мақсаттағы бизнесті дамытуға бағытталған шараларды енгізуге жәрдемдесу; отандық энергетикалық кешеннің өңдеуші секторының, әсіресе жұмыс істеп тұрған және жаңадан салынатын мұнай өңдеу мен мұнай-химия өнеркәсіптерін жаңғыртуға бағытталған инвестициялық тартымдылықты арттыру бойынша заңнамалық және қаржылық шараларды енгізуге жәрдемдесу;

-    Қазақстанның энергетикалық саласын тұрақты экологиялық дамумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ энергияны үнемдеу тетіктері мен тиімді құралдарын, энергияның жаңартылған және балама көздерін кеңінен енгізуге бағдарланған іс-әрекеттер мен серпінді жобаларға мемлекет пен бизнестің назарын аудару;
 
-   жаңа, қауіпсіз технологиялармен негізделген ядро электрэнергетикасын республикаға енгізуге жәрдемдесу; энергетикаға бағдарланған, отанымыздың қорында бар серпінді ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту үдерісіне қолдау көрсету;

 - Қазақстанның алдыңғы қатарлы энергетикалық державалар қатарына енуі үшін нақты   алғышарттар даярлауға жағдай туғызатын отандық энергетика саласының технологиялылығы мен ғылымиқажеттілігін құрылымдық арттыруға жәрдемдесу;
 
-  мұнай-газ және энергетика салаларының кадрлық резервтері туралы мәліметтер базасын құру және сертификаттау, бірыңғай біліктілік  талаптарын жасаудың халықаралық тәжірибесін үйрену мүмкіндігін қарастыру;  қазақстандық геология мен геологиялық-барлау жұмыстарын қолдау жөніндегі тиімді шараларды дайындауға көмек көрсету;

-  қазақстандық энергетикада ашықтықтың халықаралық бастамасын кезең-кезеңмен алға жылжыту және дәріптеу бойынша күш-жігерін жүйелендіру;
-  энергетикалық салаларға маманданған кадрларды дайындау мен білім берудің ұлттық бейінді жүйесін жақсартуға бағытталған іс-қимылды қолдауды қамтамасыз ету;

 - KAZENERGY ассоциациясының халықаралық энергетикалық ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі, сонымен ішінде  ірі жаһандық энергетикалық форумдар мен ұйымдардағы республиканың мүшелігі контексіндегі бастамашылдығын қолдау.

I
Баспаға жіберу