IV Еуразиялық форум

размер шрифта: Aa | Aa

IV KAZENERGY ЕУРАЗИЯ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
«ЖАҺАНДЫҚ ШАҚЫРУЛАР МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ АЛЬЯНСТАР»

2009 жылы 25-26 қыркүйекте Астанада «Жаһандық шақырулар мен стратегиялық альянстар» тақырыбында 4-Еуразия энергетикалық форумы өтті. «KAZENERGY»  форумы соңғы жылдары отандық мұнай және энергетикалық секторының басты пікірталас алаңы болды.
Өтіп кеткен үш форум бірқатар ұсыныстар мен талап етілген шешімдерді ұйымдастырды. Олар Қазақстан энергетикасының ары қарай даму үдерісінде көрініс тапты. 

«KAZENERGY» форумы қызметінің нәтижелігі көп жағдайда Қазақстан және шет ел мемлекеттері үкіметтері, министрліктер мен ведомостволар  жетекшілерінің, отандық және шетелдік бизнес-элиталарының аса танымал өкілдерінің, сарапшылар мен ғалымдардың форумға белсене қатысуымен қорытындыланады.
Форумның екі күнгі жұмысына ҚР Президентінің кеңесшісі Н.Балғымбаев, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі С. Мыңбаев, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Әшімов, ҚР Индустрия және сауда министрі Ә. Исекешев, сондай-ақ еліміз энергетика секторына өкілдік ететін қазақстандық компаниялар қатысты.
 Форумның арнайы қонақтары мен қатысушылары – Германияның 33-ші канцлері, Директорлар кеңесінің мүшесі, Nord Stream AG акционерлер комитетінің төрағасы Герхард Шрёдер, Біріккен Араб әмірліктері Энергетика министрі жоғары мәртебелі Мухаммед Бин Загин Аль-Хамили, Болгария экономика, энергетика және туризм министрі Трайчо ТрайковБМК-нің президенті Рандал Госсен, ӘММК(Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының) президенті Ровнаг Абдуллаев, БЭК, Еуропа даму және қайта құру банкі, Әлемдік банк, мұнай-газ алыптары Chevron, ExxonMobil, Royal Dutch Shell, BG Group, ConocoPhillips, ірі инвестициялық компаниялар, банктер, бағалау агенттіктері, JP Morgan Plc, HSBC Bank Plc, Platts қоса алғанда, басшылары мен өкілдері.

Форум жұмысына барлығы 1000 шамасында мемлекеттік құрылым, бизнес қоғамдастық, дипломатикалық және сарапшылар тобының өкілдері қатысты. Іс-шарада, сонымен қатар 250-ден астам отандық және шетелдік БАҚ тіркелді.

4-ші Энергетикалық форумның басты тақырыбы – «Жаһандық шақырулар – стратегиялық альянстар» – іс-шара қонақтары мен қатысушылары тарапынан негізді қызығушылық тудырған жаһандық шақырулардың алдын алу және ортақ мақсаттарға жету үшін стратегиялық әріптестік және альянстарға бірігу мүмкіндіктері мен өзекті мәселелерін талқылауға назар аударды.  
Форумның екі күнгі жұмысында барлығы 8 пленарлық мәжіліс пен секция өтті. Екі күн бойы мұнай-газ саласындағы стратегиялық альянстар мен әріптестік, энергия тасылмалдау және электрэнергетика өнеркәсібін дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру, мұнай және газ-химия мен мұнай өңдеу келешегі, Еуразия континенті территориясында біртұтас және ынтымақты өзара әрекеттестік саясатын құру және ірі халықаралық энергетикалық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа қаржылық инструменттер іздеу мәселелері талқыланды.
Форумда Еуропа мен Азия арасындағы энергетикалық әріптестік тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Барлық елдерді энергетикалық ресурстармен сенімді қамтамасыз ету, Еуразия континентіндегі тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі болып табылады. Форум қатысушылары энергия ресурстарын өндірушілер мен тұтынушылар мүдделерін ескере отырып, энергетикалық әріптестікті қамтамасыз ету қажеттігін, сонымен қатар жаһандық және өңірлік энергетикалық қатынастарды  дамыту үдерісін ұзақ мерзімге жоспарлауды белгілейді. Мәселе өңірлер арасындағы өзара тиімді, теңдестірілген энергетикалық саясатты келісу туралы болып  отыр. Форум осы стратегиялық мақсатқа жетуге қолдау көрсетуге шақырады. Қазақстан әлем бойынша ірі энергоресурстарды өндіруші және экспорттаушы бола отырып, жаһандық және өңірлік энергетикалық  тұрақтылықпен қамтамасыз етуде өз үлесін қосады.
Еліміз территориясында жүзеге асатын халықаралық жобаларда қазақстандық құрамды жоғарылату мәселесіне Форумның арнайы секциясы арналды. Форумда сөз сөйлеген ҚР Индустрия және сауда министрі Ә. Исекешев "жер асты байлықтарын пайдалану халықаралық жобаларында қазақстандық құрамды дамыту жөнінде Үкімет бірқатар механизмдер дайындауда" деп атап өтті. 

«KAZENERGY» ассоциациясы кәсіпкерлікті қолдау және қазақстандық құрамды дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың бас директоры Қарабалин арнайы пресс-конференцияда сөйлеген сөзінде шет ел инвесторлары мен мемлекеттік басқару органдары арасындағы өзара әрекеттестік механизмін екі жақтың мүддесін ескере отырып дайындау қажеттігін айтты.

Форум қатысушылары Киото хаттамасын республикада жүзеге асыру және табиғат байлықтарын пайдалану экологиялық аспектілеріне баса назар аударды. Киото хаттамасы мен мұнай-газ өнімдерін тасымалдау мәселелері бойынша Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Әшімов өз баяндамасында "Киото хаттамасы аясында біздің ел 2012 жылға дейін өзіне ерікті міндет алды. Бізде Киото хаттамасын практикада қолдану мысалдары бар. Құмкөл кенорнындағы ілеспе газды пайдалану  жөніндегі жоба іске асты. 2007 жылы Орал ЖЭО-дағы парникті газдар шығарындыларын төмендету жөніндегі жоба пайдалануға берілді.  
Форум жұмысының соңында қатысушылармен біріге отырып,  пленарлық мәжілістер мен секциялардың маңызды ұсыныстары мен қорытындылары көрініс тапқан Қарар қабылданды. Ұсыныстар мен қорытындылар мыналарға бағытталған:
Қазақстан мен басты халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықты ары қарай тереңдету; жаһандық экономикалық дағдарыстың энергетика саласына әсерін болдырмауда бір-бірін қолдау өңірлік механизмдерін қалыптастыру; энергетикалық салада экологияның маңыздылығын арттыру; Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу және мұнай-химия өндірістерін салуды, бұрынғыларын қайта жаңғыртуды тездету; республикамыздың энергетикалық саласында жергілікті құрамды арттыру; мемлекеттік қолдаудың қажетті көлемін, соның ішінде ұлттық энергетикалық секторды ары қарай дамыту үшін инвестициялық көлемді қамтамасыз ету; жаңғырту үдерісін арттыру және электрөндіруші күш әлеуетін нығайту; энергияны алудың балама көздерін енгізу туралы шешімдер қабылданды.

__________


IV KAZENERGY ЕУРАЗИЯ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ
ҚАРАРЫ

2009 жылғы 24-25 қыркүйекте Астанада «Жаһандық шақырулар және стратегиялық альянстар» тақырыбында 4-ші KAZENERGY Еуразия энергетикалық форумы өтті,  Форумға еуразия энергетикалық қауымын құраушы, еліміздің мемлекеттік секторы мен жеке кәсіпкерлік жетекшілері қатысты. Форумға қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің әлемдік экономиканың маңызды секторын дамытудағы айрықша рөлін мойындайды. Оның жаһандық және өңірлік энергетикалық әріптестігін жоғары деңгейге жеткізуге бағытталған ұсыныстары мен күшін қолдайды.  

Осындай әріптестік жүйесінің негізіне сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өзара тиімді іскерлік және үкіметаралық ынтымақтастықты дамыту қағидаттары қаланған. Дәстүрлі KAZENERGY форумы

•    мұнай-газ саласындағы стратегиялық альянстар мен әріптестіктің рөлін,
•    энергия тасымалдаудың геосаяси жақтары мен маршрутын,
•    Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеруді,
•    жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында жобаларды қаржыландырудың балама көздерін,
•    Қазақстан территориясында жүзеге асатын мұнай-газ жобаларында жергілікті құрамды арттыруды,
•    мұнай өңдеу және мұнай-химияны дамытудағы жаһандық үрдістерді,
•   отандық мұнай-газ саласын дамытудағы ғылымның рөлін,
•   электрэнергетика өнеркәсібінің келешегі мен мүмкіндіктерін,
•    жаңғыртылған энергия көздерін дамытуды зерттеуге арналды.

Форумда Еуропа мен Азия арасындағы энергетикалық әріптестік тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Барлық елдерді энергетикалық ресурстармен сенімді қамтамасыз ету, Еуразия континентіндегі тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі болып табылады. Форум қатысушылары энергия ресурстарын өндірушілер мен тұтынушылар мүдделерін ескере отырып, энергетикалық әріптестікті қамтамасыз ету қажеттігін, сонымен қатар жаһандық және өңірлік энергетикалық қатынастарды  дамыту үдерісін ұзақ мерзімге жоспарлауды белгілейді. Мәселе өңірлер арасындағы өзара тиімді, теңдестірілген энергетикалық саясатты келісу туралы болып  отыр. Форум осы стратегиялық мақсатқа жетуге қолдау көрсетуге шақырады. Қазақстан әлем бойынша ірі энергоресурстарды өндіруші және экспорттаушы бола отырып, жаһандық және өңірлік энергетикалық  тұрақтылықпен қамтамасыз етуде өз үлесін қосады.
4-ші KAZENERGY Еуразия энергетикалық форумының қатысушылары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары, мұнай-газ және энергетика кешендері халықаралық корпорациялар, дипломатикалық өкілеттілік, аналитикалық мекемелер өкілдері атынан төменде көрсетілген бағыттарда біріккен күш-жігерді ары қарай қолдануды қолдайды:

- қазақстан мен басты халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған;
-жаһандық экономикалық дағдарыстың энергетика саласына әсерін болдырмауда бір-бірін қолдау өңірлік механизмдерін қалыптастыру;
-энергетикалық салада экологияның маңыздылығын арттыру;
-Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу және мұнай-химия өндірістерін салуды, бұрынғыларын қайта жаңғыртуды тездету;
-республикамыздың энергетикалық саласында жергілікті құрамды   арттыру;
-мемлекеттік қолдаудың қажетті көлемін, соның ішінде ұлттық энергетикалық секторды ары қарай дамыту үшін инвестициялық көлемді қамтамасыз ету;
-жаңғыру үдерісін арттыру және электрөндіруші күш әлеуетін нығайту;
энергияны алудың балама көздерін енгізу.

Форум қатысушылары форум аясында өткен диалог әлемдік экономикалық дағдарыстың күрделі  жағдайындағы энергетикалық саланың даму стратегиясы мен қағидаттарын, мақсаттарын айқындауға мүмкіндік бергенін сенімділікпен атап өтті. Диалог, сонымен бірге, энергетикалық салада әріптестік қатынастарды нығайтуға, жағымды инвестициялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал етіп, үкіметаралық және іскерлік ынтымақтастыққа тың күш береді.

Стратегиялық әріптестік Қазақстанның әлеуеті мен ресурстарын жаһандық және өңірлік энергетикалық тұрақтылықпен қамтамасыз ету және  еліміздің өркендеуі жолындағы халықаралық жетекші энергетикалық субъект ретінде  оңтайлы пайдалануға жағдай туғызады.  

PDFБаспаға жіберуE-mail