V Еуразиялық форум

размер шрифта: Aa | Aa

«Еуразияның энергетикалық картасы: тәуекел теңгерімі және жаңа мүмкіндіктер»
V KazEnergy Еуразиялық форумы
5-6  қазан 2010 ж., Астана, Қазақстан
 
ҚАРАР

V KAZENERGY Еуразиялық форумының қатысушылары Еуразия өңірінде Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешенінің тұрақты өсуінің басымдығын мойындай отырып, Қазақстанның континенттің энергетикалық тұратылығының гаранты ретіндегі рөлін күшейту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңыздылығы, энергияның балама көздерін дамыту, сондай-ақ  барлық мәселелер төңірегінде көзқарас бірлігін растай отырып, келесі мәселелерді шешуге ұмтылыс туралы мәлімдейді:
        
 -   континенттің барлық мемлекеттерінің пікірлері мен мүдделерін толық ескере отырып, халықаралық мұнай-газ және энергетикалық әріптестікті тұрақты және толық көледе дамытуды күшейту; 
 -    Еуразия аумағында өзара энергетикалық сенім мен ықпалдастықты нығайту бастамаларын қолдау және қалыптастыру;
 -    Еуразия континентінде энергетикалық қауіпсіздікті жоғарылату бойынша, соның ішінде 2010 жылы 1-2 желтоқсанда өтетін ЕҚЫҰ Саммиті мемлекет басшылары үшін де ұсыныстар мен рекомендациялар әзірлеу;
-   мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ  дағдарыстан кейінгі дамудың сапалы стратегияларын жасау;
-    Еуразия мұнай-газ және энергетика кешенінің, соның ішінде  Каспий өңірінің экологиялық тұрақтылығын көтеру үшін күш біріктіру, техногенді апаттар болдырмау үшін  әріптестікті нығайту және кеңейту, экологиялық қауіпсіздік саласында инновациялық жұмыстар мен тәжірибе алмасуды жандандыру;
- табиғат ресурстарын экологиялық қауіпсіз игеруде Каспий өңірі мемлекеттерімен үкіметаралық келісім әзірлеу мен жасасу процестерін және апаттық жағдайлардың алдын алудағы ынтымақтастықты қолдау. Мысал ретінде Қазақстан Үкіметі мен Әзербайжан Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, азаматтық қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы Форум жұмысы кезінде қол қойылған келісімді айтуға болады;
 - жаһандық экологиялық уағдаластықтар шеңберінде алынған міндеттерді континент мемлекеттерінің орындауына септесу, соның ішінде Киото хаттамасы мен кейінгі ұсыныстар;
 - Қазақстан Республикасы Үкіметі мен инвесторлар арасындағы өзара тиімді диалог пен ынтымақтастықты ары қарай жандандыру;
-   теңдестірілген энергетикалық рынокты құру үшін Еуразияның транзит және құбыр желісі әлеуетін дамытуды күшейту;
-   Қазақстанның энергетикалық кешенін ары қарай әртараптандыру, мұнай-газ-химия және басқа да секторларда жоғары қосылған құнмен  өндіріс үлесін жоғарылату;
 -   жалпы энергия теңгерімінде жаңартылған және балама энергия көздерінің үлесі мен оларды пайдалану тиімділігін арттыруға, инвестиция тартуға, осы саладағы технологиялық және заңнамалық ілгерілеуге бүкіләлемдік қолдау көрсету.

alt

V KAZENERGY Еуразиялық форумының делегаттары өтіп отырған диалог  дағдарыстан кейінгі даму жағдайларында энергетикалық саланың ілгерілеу стратегиясы мен қағидаттарын, мақсаттарын айқындауға мүмкіндік бергенін сенімділікпен атап өтті. Диалог, сонымен бірге, әріптестік қатынастарды нығайтуға, жағымды инвестициялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал етіп, экологиялық жауапкершілік пен табиғатты қорғауға назар аударуды күшейтеді, үкіметаралық және іскерлік ынтымақтастыққа тың күш береді.

Стратегиялық әріптестік ұзақ мерзімді энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін адамзат игілігі жолындағы жаһандық жетекші энергетикалық субъек ретінде Еуразия континентінің ресурсы мен әлеуетін оңтайлы пайдалануға көмектеседі.


PDFБаспаға жіберуE-mail