VI Еуразиялық KAZENERGY Форум

размер шрифта: Aa | Aa

alt

VI Еуразиялық KAZENERGY Форум

Алдағы қазан айының 4-і мен 5-і күндері Астанада дәстүрлі Еуразиялық энергетикалық форум өтеді. KAZENERGY қауымдастығының ұйытқы болуымен осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылатын форум отандық және құрлықтық энергетикалық сала үшін аса маңызды халықаралық шара болып табылады. Тақырыбы -  "Қазақстан: 20 жыл тұрақты өсім, инвестициялар мен орнықты ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері" деп аталады. Екі күн бойы әртүрлі елдердің мемлекеттік органдарының және ірі халықаралық энергетикалық корпорацияларының басшылары, сондай-ақ энергетика саласының әлемге танымал әрі тісқаққан сарапшылары еуразиялық және әлемдік ауқымдағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасып, тәжірибелерімен бөліседі. Форум бағдарламасы аясында пленарлық мәжілістер, дөңгелек үстелдер, тақырыптық семинарлар сондай ақ KAZENERGY-дің жастар форумы өтпек.

Алтыншы жыл қатарынан өткізілетін форумның еліміз үшін ғана емес, Еуразия құрлығы үшін де маңызы өте зор. Себебі, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, әлемдік экономиканың тұрақты дамытуда энергетикалық сектор маңызды рөл атқаруда. Ал табиғи байлықтың кез-келген түрі қойнауында тұнып тұрған Еуразия кеңістігінің қазіргі таңда жаһандық саясаттағы болсын, экономикадағы болсын ықпалы жыл санап күшейіп келеді. Оның ішінде осы құрлықтың кіндігінде орналасқан Қазақстан  бү­гін­де еура­зия­лық кеңістіктегі тұрақты­лықтың төрт тұғыры – эко­номи­ка­лық, энер­гетикалық, экологиялық жә­не азық-түліктік қауіпсіздік мәселесінде елеу­лі ықпалға ие елдердің біріне айналды.

Толығырақ...

KAZENERGY-дің Энергетикалық Форумы – үміті мол жоба

Қазанда Астанада KAZENERGY-дің 6-шы Еуразиялық Энергетикалық Форумы өтеді. Бұл Қазақстанның энергетикалық секторындағы жыл сайынғы аса маңызды халықаралық оқиға. Әлемдік және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде осы сектордың маңызы артып келеді. Соған байланысты алдағы Форумда талқыланатын тақырыптардың мазмұны да жылдағыдан ауқымды болғалы тұр. Мәселен, Форумда Еуразияның энергетикалық геосаясаты: қауіп-қатерлер мен жаңа көкжиектер; Энергетикалық кешеннің ұзақмерзімді дамуының орнықты моделі – энергиямен қамтамасыз етудің баламалы әлемдік жүйесі; Мұнай-газ саласы дамуының жаңа көкжиектері: жаңа технологияларды инвестициялау және инновациялау; Атом энергетикасының сабақтары және жаңартылатын энергия көздерін дамытудың жаңа мүмкіндіктері; Энерготиімділік және экологиялық қауіпсіздік; Қазақстанның идустриялық-инновациялық дамуы: жергілікті қамтуды дамыту сынды тақырыптар талқыланбақ.

Толығырақ...


PDFБаспаға жіберуE-mail