«KAZENERGY» Қауымдастығы CNPC International Kazakhstan Ltd-ның президенті Сунь Бо мырзаның мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен әріптестеріне көңіл айтады.

размер шрифта: Aa | Aa
11.12.2012 18:13

«KAZENERGY» Қауымдастығы CNPC International Kazakhstan Ltd-ның президенті Сунь Бо мырзаның мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен әріптестеріне көңіл айтады.

Сунь Бо мырза  Қытай Ұлттық мұнай корпорациясының мұнай-газ саласында ұзақ жылдар еңбек етті. Еңбек жолында бірінші басшы  лауазымын шетелдік Венесуэла, Судан, Орта Азия аймағындағы  CNPC жобаларында  атқарды. Соңғы жылдары Сунь Бо мырза «PetroChina» АҚ-ның Вице-президенті, «Trans-Asian Gas Pipeline Company Limited» мен  Қазақстандағы «CNPC International» компанияларының Президенті болып қызмет атқарды. 

Орта Азия аймағында барлық инвестициялық жобаларда өзінің   жоғары біліктілігі, кәсіпқойлығы мен еңбекшілігінің арқасында табысты жетекшілік етті. 

Сунь Бо мырза екі ел арасындағы ынтымақтастығын нығайтуда ерен еңбек етіп, мұнай-газ саласының ілгері дамуына көп үлес қосты. Оның бойындағы күш-жігер мен  болашаққа деген сенім ынтымақтастығы  біздің бірлескен жұмысымызды өркендетіп, үнемі жаңа сатыға көтеріп отырды.

«KAZENERGY» Қауымдастығы Сунь Бо мырзаның мезгілсіз дүниеден озу жайында хабарды  үлкен қайғы мен өкініш сезіммен қабыл алды. Бұл біз үшін орны толмас қайғы.

Сунь Бо мырза әрқашанда жадымызда болады.


«KAZENERGY» Қауымдастығы

PDFБаспаға жіберуE-mail