Кеудеде ордендер жарқылдап, Түсірер еске сол бір жылдарды...

размер шрифта: Aa | Aa
10.05.2012 11:00

«KAZENERGY» Қауымдастығы әлеуметтік жобаларды белсенді түрде жалғастыруда.

Жеңіс Күні қарсаңында жалғыз тұратын Ұлы Отан Соғыс ардагерлері, мүгедектері мен зейнеткерлері қайырымдылық асқа шақырылды. Олардың ішінде – жастайынан тұтқынға түскендер, қуғын-сүргінге ұшырағандар, тылдағы еңбеккерлер мен ардагерлер.

Ақ шаш, өткір көзқарас, қатпарлы әжімдер –тарихтың қанды беттері әр ардагердің тағдырында ұмытылмайтын із болып қалады. Зеленский Петр Иванович балалық кезінің үш жылын Германия (Алмания) концлагерьлерінде өткізген. Чжан Юйтан бір кезде саяси себептер бойынша Байкал көлінің арғы жағынан Қазақстанға қуылған. Нина Григорьевна Борисова соғыс кезінде радист болған.

Ордендар мен медальдар -  ерліктерінің көрнекі дәлелі болып табылады. Жас ұландар батыр ардагерлерміздің марапаттарына үлкен қайранмен қарайды.  «Жас Ұлан» республикалық мектеп тәрбиенушілері аңызға айналған батырларымыздың, Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріміздің дәстүрін жалғастырып келе жатыр. Ардагерлердің назарына шәкірттер өздерінің концерттік нөмерлерін ұсынды. Сірә, осы кезде әйгілі «Катюша» әні алғашқы рет қазақ тілінде айтылған шығар.

alt

Әрдайым ілтипат пен үздіксіз қамқорлық үшін ақсакалдар шексіз алғыстарын білдіріп, «KAZENERGY» Қауымдастығына жылы лебіздері мен сөздерін айтты.

Бүгінгі күнде 400-ден астам  мүмкіндігі шектеулі азамат Қауымдастық тарапынан түрлі жәрдем көруде.

Мысалы, Жеңіс Күнінің 65 жылдығына орай олардың көпшілігіне тегін медициналық көмек көру үшін сақтандыру полистері таратылды. Мүгедек - кішкентай балалар да қолдаусыз қалған жоқ. 

«KAZENERGY» Қауымдастығы барлық ардагерлерімізді ұлы мерекелерімен қуттықтап, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және бақыт тілейді!

alt

 
«KAZENERGY» Қауымдастығының
Баспасөз қызметі
PDFБаспаға жіберуE-mail