Қызметінің ашықтылығы

размер шрифта: Aa | Aa


ӨСАБ іске асыру туралы жылдық есеп - 

Қазақстанда ӨСАБ 2005 жылдан бастап Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Бұл жобаның халықаралық, саяси және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы мәртебесі жоғары  және компаниялар мен үкіметтің өндіруші сектордағы табыстарының  ашық болуына бағытталған.  

Жер қойнауын пайдаланушылардың ӨСАБ өзара түсіністігі туралы  меморандумның шарттарын сақтауы және халықаралық стандарттарға сәйкес аудитпен расталған мемлекет бюджетіне келіп түсетін салықтар мен басқа да төлемдер бойынша есептілік ұсынуы жөніндегі міндеттемелері  заңнамалық деңгейде бекітілген. Оған қоса мемлекеттік сатып алулар туралы заңға сәйкес тәуелсіз аудиторлық компания жүзеге асыратын ӨСАБ бойынша Ұлттық есеп дайындау үшін республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінеді. Сонымен қатар ӨСАБ қаржыландыруды Дүниежүзілік Банк және басқалары сияқты  халықаралық және отандық ұйымдар, даму институттары белсенді түрде қолдайды. 

     Қауымдастық өкілдері мұнай-газ саласындағы компаниялардың ұстанымын білдіретін Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің (бұдан әрі – МТҰК) мүшесі болып табылады.

         Қауымдастық шеңберінде Жұмыс тобы бар, оның  мәжілістерінде мұнай-газ компанияларын басқаруды жетілдіру және ашықтығын арттыру, заңнамаға талдау жүргізу және заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды пысықтау, МТҰК жұмысының тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Бастаманы іске асыру процесіндегі қауымдастықтың  және оның мүшелерінің қоғамдық маңызын насихаттау  бойынша мәселелер, сонымен қатар күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер талқыланады.  

        Жұмыс тобына Бастамаға халықаралық деңгейде қолдау көрсететін  ірі трансұлттық компаниялар (Shell, Total, ExxonMobil, Chevron  және басқалары), сонымен қатар Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын ірі ұлттық және жеке компаниялар мүшелік етеді.

                   2016 жылы 3 мәжіліс өткізілді.

         Бұл мәжілістерде Қазақстан Республикасының бенефициарлық құқығын іске асыру мәселесі кеңінен талқыланды. Компаниялардың  өкілдері БҚ түсіндіруге жан-жақты қолдау білдіріп, осы мәселені жан-жақты талқылаудың жоғары маңызын атап көрсетті.   

       Мәжілістерге компанияларға істеліп жатқан істер туралы молырақ ақпарат беру мақсатында  ӨСАБ Хатшылығының өкілдері қатысты.  

        Бастаманы алға бастыру бойынша қызметтер басқа да көпжақты топтар шеңберінде, оның ішінде  KAZENERGY қауымдастығының   экология, әлеуметтік жауаптылық және ашықтық жөніндегі үйлестіру  кеңесінде жүзеге асырылып жатыр.

         Осылайша 2016 жылдың 24-қарашасында Үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өтті, онда Бастаманы Қазақстанда жүзеге асыру туралы ақпарат тыңдалды. Қатысушылар есептілік нысандарын, бағдарламаны қаржыландыру механизмдерін, Бастама құндылықтарын алға бастырудағы өсіп келе жатқан корпоративтік жауаптылықты  әрі қарай жетілдірудің аса маңызды екенін атап көрсетті.  Мәжілістердің қорытындысы бойынша компанияларға қауымдастық адресіне Бастаманы Қазақстанда ендіруді жетілдіру бойынша шараларға қатысты ұсыныстар жіберу ұсынылды.

         KAZENERGY қауымдастығы ӨСАБ ұлттық конференцияларын өткізетін тұрақты негіздегі алаң болып отыр. Осылайша 2017 жылы  XI Еуразиялық КAZENERGY форумын өткізу белгіленді.

                   KAZENERGY қауымдастығы өз мүшелеріне істелген жұмыстар туралы ақпарат беруге баса назар аударады. Қауымдастық бюллетеніндегі ақпарат тұрақты түрде жаңартылып отырады, мүше компанияларға электронды түрде жіберіледі, сонымен қатар аса маңызды жаңалықтар қауымдастық сайтында жарияланады.

         Толығырақ ақпарат http://eiti.geology.gov.kz/ru/ сайтында жарияланған.