Қауымдастық туралы

размер шрифта: Aa | Aa

KAZENERGY Қауымдастығы мұнай-газ және энергетика кешеніндегі 70-ден астам компанияның басын біріктіреді. Олардың ішінде мұнай-газ өндіруші, тасымалдаушы, қызмет көрсетуші, геофизикалық, уран өндіруші және басқа да трансұлттық компаниялар бар.

Қауымдастық төрағасы Жалпы жиында сайланады. Қазіргі төраға – Құлыбаев Тимур Асқарұлы мұнай-газ саласы бойынша Қазақстан үкіметіндегі ведомствоаралық комиссияда KAZENERGY Қауымдастығының атынан өкілдік етеді.

Қауымдастық беделді халықаралық спикерлер мен саяси тұлғаларды жинап, Астана қаласында KAZENERGY ЕВРАЗИЯ ФОРУМЫН өткізіп тұрады.


*****

KAZENERGY Қауымдастығы 2005 жылы қараша айының 2-ші жұлдызында құрылды. Өз еріктерімен бас қосқан заңды тұлғалардың бірлестігі. Ұйым коммерциялық мүддені көздемейді. Мақсаты - Қазақстан Республикасының жанар-жағармай (мұнай-газ) және энергетикалық кешенінің тұрақты түрде дамуына қолайлы жағдай жасау. Қауымдастық – мұнай-газ саласының мамандарын, кен игеру ісіне қатысы бар қызметкерлердің, энергетиктердің, тасымалдау қызметін көрсететін кәсіпорын өкілдерінің, тұтынушылардың ой-пікірі ашық талданатын «ақпараттық кеңістік» міндетін атқаруы тиіс.

Қызметі

Қауымдастық Қазақстанның мұнай-газ және энергетикалық кешенінің дамуына серпін берер ұйым. Саланың дамуына сүбелі үлес қосуды мұрат тұтады. Коммерциялық мүддені көздемейді. Өз ерік-ниеттерімен бір ортаға ұйысқан заңды тұлғалардың бірлестігі.

Негізгі ойы

Еуразияның қақ жүрегінде – өз міндетіне зор жауапкершілікпен қарап, қызметін қалтықсыз іске асыратын энергетикалық орталыққа айналу. Бәсекелестік пәрмені мықты Қазақстанның мұнай-газ бен энергетика өнеркәсібін одан әрі көркейту.

Мақсаттары

  • Мемлекеттік огандарда қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Құқықтық негіздің үйлесімділігін арттыру.
  • Жер қойнауын пайдаланушылар, электр қуатын өндірушілер, энергетика секторының өнімдері мен қызметтерін тұтынушылар үшін ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру.
  • Жергілікті, аймақтық және халықаралық деңгейде кәсіпкерлік пен ынтымақтастықты насихаттайтын салааралық жобаларды қолдау және дамыту.
  • Қауымдастық пен ұйым мүшелерінің, жалпы саланың жағымды имиджін аймақтық және ғаламдық деңгейде жұртшылыққа паш ету.
  • Қазақстан қоғамының экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық салалардағы белсенделігін ынталандыру.

Принциптер мен құндылықтар

    • Жариялылық. Қауымдастықтың барлық мүшелері компания ауқымы мен оның меншік түріне қарамастан ұйым аясында ортақ тәртіп пен міндеттерге бағынады. Басқару амалдары бүгінгі демократиялық жүйенің құндылықтарына негізделеді. Қазақстандық қоғамда ұйымдық құрылымның ең ұтымды түрін насихаттап, бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал етеді.
    • Белсенділік. Қауымдастық мүшелері арнайы мамандандырылған бағдарламалардың жүзеге асырылуына және ұйымның күнделікті жұмысын үйлестіру ісіне белсенді түрде қатысады. Қауымдастық мұнай-газ және энергетика саласының ғана емес, сонымен бірге, тұтас қазақстандық қоғамның дамуына мүмкіндік беретін стратегиялық маңызы зор бастамалардың жүзеге асуына ат салысады.
    • Экологиялылық. Қауымдастықтың барлық мүшелері өз қызметінде Қазақстан Республикасының экологиялық стандартарын қатаң түрде ұстануы керек. Қауымдастық Қазақстан экономикасының тұрақты түрде әрі ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін экологиялық таза, ресурстар үнемдеуге мүмкіндік беретін технологияларды әзірлеп, кеңінен пайдалануға жол ашады.
    • Кәсібилік. Қауымдастық мүшелері бір-бірімен кәсіби байланыстарды жақсартып, ұйымның өз ішіндегі іс-қимыл, әрекет сапасын халықаралық талаптарға бейімдеуге тырысады. Қауымдастық мамандандырылған бағдарламаларды іске асыру жолымен еліміздің мұнай-газ және энергетика саласына қажетті кәсіби біліктілігі шыңдалған қызметкерлер санын көбейту үшін барлық жағдай жасайды.
    • Ашықтық. Қауымдастықтың барлық мүшелері ұйым аясында атқаратын барлық жұмыстарын ашық әрі жария түрде жүргізеді. Қауымдастық мұнай-газ кәсіпорындарының қызметі туралы ашық ақпарат беру жолымен қалың бұқараның сеніміне ие болу бағдарламасын іске асырады.
    • Жауапкершілік. Қауымдастыққа мүше компаниялар - әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын түсінетін бизнес ұйымдар. Қауымдастық мұнай-газ, энергетикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар, халықаралық қауымдастық пен Қазақстан жұртшылығы арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
    • Инновациялылық. Қауымдастықтың барлық мүшелері өз жобалары мен бағдарламаларын әзірлеп, ұйым аясында іске асырылуын сұрауға құқылы. Қауымдастық елдің мұнай-газ секторы кәсіпорындарының өндірістік және басқару тәжірибесінде инновациялық технологиялар мен өнімдерді пайдалануға ұмтылады.
    • Тиімділік. Қауымдастық мүшелері ұйымның басқарушы және атқарушы органдарынан ұтымды іс-шаралардың жүзеге асырылуын талап ете алады. Қауымдастық бәсекелестік сапасын артыру мақсатымен ел ішіндегі отын-энергетика кәсіпорындарының арасында тығыз байланыс орнатып, қосымша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін «тың, ұтымды істер» идеясын насихаттайды.

Стратегиялық даму

Мұнай-газ және энергетика кешені Қазақстанның экономикалық өрлеуін қамтамасыз ететін ең маңызды ресурс. Отанымыздың бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының жүзеге асырылуында өзекті рөл атқарады.

Стратегияны 2006 жылы қаңтардың 18-інде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев таныстырды. Құжат - «KAZENERGY» қауымдастығы үшін ұзақ мерзімді дамудың жолын ашып отыр.

 

Төраға

News image

KAZENERGY Қауымдастығының төрағасы

Жұма, 6 Мамыр 2011

  ТИМУР АСҚАРҰЛЫ ҚҰЛЫБАЕВ       1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.             Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 ж).    М.В.Ломоносов ат...

Читать далее

Барлық жаңалықтар »