Бүкіләлемдік энергетикалық кеңес

размер шрифта: Aa | Aa

Қазақстан – Бүкіләлемдік энергетикалық кеңестің мүшесі

2009 жылдың 16-19 қыркүйегінде Исландияның Рейкьявик қаласында бүкіләлемдік энергетикалық кеңес (БЭК) Атқарушы ассамблеясының мәжілісі өтті. Мәжілісте БЭК-тің бас хатшысы Кристофер Фрай мырза Қазақстанның "KAZENERGY" Ассоциациясы атынан аталған ұйымға кіргенін ресми түрде мәлімдеді..

Бүкіләлемдік энергетикалық кеңестің қызметі

Бүгінде Бүкіләлемдік энергетикалық кеңес (the World Energy Council, ары қарай – Кеңес) халықаралық жетекші энергетикалық ұйым болып табылады. Кеңес Лонданда штаб-пәтері бар, коммерциялық емес, БҰҰ-да ресми тіркелген үкіметтік емес ұйым. 1923 жылы құрылған Кеңес энергетиканың барлық саласын, соның ішінде көмір, мұнай, газ, атом, гидроэнергетика мен альтернативті салаларды қоса қамтиды, және де рыноктарды қайта құрылымдау, энергетикалық тиімділік, энергетика және қоршаған орта, энергетикалық жүйелерді қаржыландыру, энергетикалық баға белгіленімі, энергетикалық кедейшілік; энергетика және дамушы әлем және т.б. сияқты өзекті мәселелерге назар аударады.

Кеңестің мақсаттары мен міндеті

Кеңестің міндеті – "Адамзат игілігі үшін энергияны тұтыну және тұрақты жеткізуге жәрдемдесу".
Аталған міндет Кеңес негізінде мақұлданған мақсатты бағдарлар арқылы жүзеге асырылады және Кеңес қызметін осы кеңестің энергетикалық индустриясы мен эволюциясының ауыспалы реалиясына бейімдеу үшін уақыт ағымында өзгеріске түскен. Қазіргі уақыттағы Кеңестің мақсатты бағдарлары – энергияны тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету және төменде аталғандар арқылы пайдалану:
a. әрі қысқа, әрі ұзақ мерзімді, маңызы бар, әлеуметтік пайда тұрғысында озық жағдайлар ұсынатын және қоршаған ортаға теріс ықпалын негізінен аз тигізетін энергияны жеткізу мен пайдалану мүмкіндіктері туралы мәліметтер жинау және зерттеулерге ықпал жасау, сондай-ақ осы тектес зерттеулердің тиімді нәтижелерін жариялау және басқа да жолдармен тарату;
b. Кеңес өкілеттігі шеңберінде де, сол сияқты оның шектелмеген мүмкіндіктері бойынша да энергияны жеткізу мен пайдалануды қамтамасыз ету процесін жеңілдететін дөңгелек үстелдер мен семинарлар іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
c. энергетикалық секторда міндеттері мен мақсаттары ұқсас басқа да ұйымдармен ынтымақтастық;
d. 2008-2010 жылдарға Кеңестің бизнес жоспарын іске асыру.

Ұйымдық құрылым

Кеңес үш дара ұйымнан тұрады. Бірінші, бас құрылым – Уэльс пен Англияның заңнамасына сәйкес тіркелген коммерциялық емес құрылым болып табылатын Әлемдік энергетикалық кеңес. Екінші, Әлемдік энергетикалық кеңестің сауда бөлімшесі – WEC Services Limited. Үшіншіден, жаһандық энергетикалық компаниялар мен ұйымдар, жеке тұлғалардың дотациялары мен қаржылық көмектерін пайдалану мен алу мақсатында 1990 жылы негізі қаланған Әлемдік энергетикалық кеңес қоры.

Кеңес мүшелері

Кеңес мүшелігі 94 дербес Мүше комитеттен құралады. Әрбір мүше комитет энергия өндіру мен сатушының, энергетика министрлігін, ұлттық энергетикалық ассоциацияларды, үкіметтік ведомстволарды және басқаларды қоса алғанда мемлекеттің энергетика мүдделеріне байланысты энергетиканың барынша кең ауқымын ұсынады.