KAZЕNERGY – Бүкіләлемдік Мұнай кеңесінің мүшесі

размер шрифта: Aa | Aa

alt20 –шы Дүниежүзілік мұнай Конгрессі шеңберінде Доха қ. (Катар) 2011 жылы 4 желтоқсанда өткізілген ДМК кеңесінің мәжілісінде келесі мәжілістің отырысы VII KAZENERGY Еуразиялық Форум аясында Астана қ. 2012 жылы қазан айында өткізілуі бекітілді.

Қазақстан аймағында ДМК кеңесінің мәжілісі бірінші өткізіледі.


2008 жылдың маусым айында KAZENERGY ассоциациясы Бүкіләлемдік мұнай кеңесіне (World Petroleum Council, www.world-petroleum.org)  осы беделді халықаралық ұйымда Қазақстанның мұнай-газ саласы мүдделеріне өкілдік ету мақсатында кірді.


БМК-ны құру тарихы

77 жыл бұрын Томас Дьюхерст Мұнай технологиясы институтындағы әріптесіне саланы жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулерге арналған халықаралық форум құруға ұсыныс жасады.  Нәтижесінде, 1933 жылы Лондонда 24 елден мыңдаған қатысушылар жиналған бірінші Бүкіләлемдік мұнай конгресі шақырылды және бұл мұнай индустриясы мен технологиясы саласындағы, ақиқатында, әлемдік масштабтағы алғашқы оқиға болды.

Бүгінгі таңда БМК – жаһандық мұнай-газ қоғамдастығының мүдделеріне өкілдік ететін ірі ұйым. Халықаралық, коммерциялық емес, саясатқа қатысы жоқ бұл ұйым отын-энергетика кешенінің жаһандық мәселелерін, сондай-ақ аталмыш салаға тікелей қатысты басқа да мәселелерді талқылау үшін алаңмен қамтамасыз етеді.

БМК міндеті – бүкіл адамзат мүддесі тұрғысынан әлемдік мұнай-газ ресурстарын басқарудың ұтымды әдістерін ілгерілету. БМК ғылыми жетістіктерді, жаңа технологияларды қолдануды, сонымен бірге мұнай-газ саласы мәселелеріне экономикалық, қаржылық, басқарушылық, экологиялық және әлеуметтік ықпалын ескеруді қолдайды.

БМК мақсаты – жаһандық энергетика саласында басқарушылық сипаттағы және оның адамзатқа пайдасы мәселелерін қоса есептегенде, басты әлеуметтік, техникалық және экологиялық мәселелердің шешімін іздеп жүрген ішкі және сыртқы мүдделі жақтардың арасында диалог орнату.

БМК көздеген мақсатына жете отырып, аталған саланың тұрақты дамуына үлесін қосады. Саяси қатынаста бейтарап ұйым бола отырып, Кеңес Біріккен Ұлттар Ұйымының тағайындауын алды. БМК хатшылығы(штаб-пәтері) Лондонда орналасқан.

Ұйым құрылымы

Кеңес жылына бір рет мәжіліс өткізетін басқарушылық орган. БМК мүшелері БМК стратегияларын іске асыру және дамыту үшін Президент пен Атқарушы комитетті үш жылға сайлайды. 2008 жылдың маусым айында Рэндалл Госсен мырза қайтадан БМК-ның президенті болып сайланды.

Кеңес,  сондай-ақ Конгрестің ұйымдастырушы комитеті БМК-ның негізгі шарасы – Бүкіләлемдік мұнай конгресін өткізу үшін кезекті елді таңдайды.

Бас директормен және оның штаттарымен басқарылатын БМК хатшылығы Лондонда орналасқан. БМК-ның бас директоры д-р Пирс Ример.

БМК қатысушылары орталық ұйымның жұмысын жыл сайынғы жарнаға төленген қаржымен қамтамасыз етеді. БМК-ны қаржыландырудың басқа көздері тұрақты түрде өтетін Әлемдік мұнай конгресі барысындағы тіркеу алымы, жарияланымнан түскен роялти және ұйымның инвестициялық қызметінен түсен кірістер болып табылады.

Тұрақты қатысушылардан басқа, Кеңес басқа да бірқатар мүдделі елдермен, аймақтық және халықаралық ұйымдармен, сала мамандарының жекелеген бірлестіктерімен байланысты жақтайды. 

75 жылдан кейін де ұйымды құрушылардың бастапқы тұжырымдамалары әлі де сақталуы БМК мұнай өнеркәсібін дамыту мен жәрдемдесу мақсатында өмір сүруі тиіс және тек ақпарат пен білім алмасып қана қоймай, ешқандай саяси, ұлттық және гендерлік тосқауылдарсыз әлемдік мұнай қоғамдастығы шеңберінде достық қарым-қатынас орнатуымен қорытындыланады.

БМК-ға мүшеліктің басымдығы

БМК-ға мүшелік соңғы ғылыми, технологиялық ашылулар жайындағы соны ақпараттарға, жалпы экономикалық және тар шеңберлі мамандандырылған салалық ақпараттарға кіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге әлемнің барлық елдерінің мұнай-газ саласындағы ағымдағы істердің жағдайы туралы мәліметтер алуға рұқсат алады. 

Ұлттық комитеттер – БМК мүшелері Бүкіләлемдік Мұнай конгресіне басым және жеңілдікті қатысуға мүмкіндігі бар. Конгресс үш жылда бір рет қатысушы-елдердің бірінің территориясында өтеді. Келесі конгресс 2008 жылы маусымда Мадридте өтеді. Сонымен қатар басқа да аймақтық конференциялар мен семинарларға қатысуға бірқатар жеңілдіктер алады.

Бұдан басқа БМК өз мүшелеріне келесі мүмкіндіктерді береді:
• бүкіл әлем бойынша мұнай мен газ саласында білім және технология алмасу үшін ресурстар мен көмек;
• есеп беру арқылы ақпараттарды жинау және тарату, аймақтық кездесулер, дөңгелек үстелдер мен семинарлар;
• Мұнай-газ саласында сараптық бағалауларды тартуда көмектесу;
• Экологияның өзекті мәселелеріне назар аударту, энергия үнемдеу және орнықты шешімдер іздеу;
• қазақстандық өнімдер, қызметтер мен білімді халықаралық рынокта алға жылжытуда жәрдемдесу;
• халықаралық ішкі және салааралық бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктер жасау;
• ұлттық компанияның беделін әлемдік деңгейде нығайту.

PDFБаспаға жіберуE-mail