Катар астанасы – Доха қаласында 20-шы Дүниежүзілік Мұнай Конгрессі басталды

размер шрифта: Aa | Aa
05.12.2011 17:23

Катар астанасы – Доха қаласында 20-шы Дүниежүзілік Мұнай Конгрессі басталды. Мерейтойлы Конгрсстің тақырыбы – «Баршаға арналған энергетикалық шешімдер: Серіктестікті, жаңартулар мен инвестицияларды алға жылжыта отырып». Ашылу салтанатында ДМК президенті Рэндал Госсен конгресстің әлемде драматикалық өзгерістер орын алып жатқан уақытта өтіп жатқандығын атап кетті. «Ұлы шақырулар ұлы мүмкіндіктер туғызады. Төрт күн ішінде сарапшылар энергетикалық мәселелерді шешу жолдарын ұсынады», -деді ол.

Конгресстің Таяу Шығыста өтуі Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің 80 жылдық тарихында алғашқы рет орын алып отырған жағдай. Катар мұнай-газ индустриясының көшбасшыларын қарсы алып отырған араб әлемінің алғашқы елі. Бұл тарихта із қалдырарлықтай іс-шара болмақ: Конгресске 5000-нан астам делегаттар қатысады, олардың арасында 32 министр, жүзден астам ірі компаниялардың бірінші басшылары; 600 спикер баяндама жасайды; 37000 ш.м. созылған мұнай-газ көрмесіне 500-ден астам компания қатысады. Қазақстанның атынан KAZENERGY Қауымдастығы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдік етеді.
Қазақстандық делегация Атқарушы комитет мүшелері жәнеде ұйымның келесі президенті сайланған, ДМК-нің Ұлттық Комитеттерінің отырысына қатысумен өз жұмысын бастады. Келесі үш жылға ДМК Президенті лауазымына Рэндал Госсеннің орнына бразилиялық Ренато Тадо Бертани ие болады. Тимур Құлыбаев бастаған Ұлттық Комитеттің дәйекті жұмысының қорытындысы ДМК Атқарушы комитетінің келесі отырысы Астанада өтетін болғандығы. 2010 жылдың 21 қазанында Пекиндегі Дүниежүзілік Мұнай Кеңесі Атқарушы комитетінің отырысында KAZENERGY Бас директоры, ДМК Қазақстандық Ұлттық комитетінің мүшесі Жамболат Сәрсенов сәйкес ұсыныс жасады, ал бүгін Рэндал Госсен отырыстың 2012 жылдың басында,  VII KAZENERGY Еуразиялық Форумы шеңберінде, Қазақстан астанасында өтетіндігін хабарлады.
Дүниежүзілік Мұнай Кеңесі (World Petroleum Council) 1933 жылы құрылды. Оның құрамына 60-тан астам ел кіреді. ДМК негізгі мақсаты – ДМК кіретін елдердің мұнай салаларының өкілдері арасында талқылаулар жүргізу және ақпарат алмасу үшін Дүниежүзілік мұнай конгресстерін жүргізу. 2008 жылы KAZENERGY Қауымдастығының бастамасымен, Қазақстан Дүниежүзілік мұнай кеңесі мүшелерінің құрамына кірді.

PDFБаспаға жіберуE-mail