«ENERGY TRIBUNE 2013 ЖЫЛҒЫ ҮЗДІК КОРПОРАТИВТІК МЕДИА» байқауы

размер шрифта: Aa | Aa
09.09.2013 11:04

«ENERGY TRIBUNE 2013 ЖЫЛҒЫ ҮЗДІК КОРПОРАТИВТІК МЕДИА»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 1. Жалпы ережелер

Қазіргі таңда корпоративтік басылымдар ұжым басқарудың маңызды құралына айналды. Тұтынушымен байланысты нығайтып, өзара қарым-қатынасты жақсартудағы рөлі де айрықша.  Компания брэнды мен ұйымшыл, тиімді ұжым құрудың өзі қазір көбіне көп осы корпоративтік басылым деңгейіне байланысты болып отыр.

«KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық Қауымдастығы мен «EnergyFocus» сараптама бюросы корпоративтік басылымдар арасында «ENERGY TRIBUNE 2013 жылғы үздік копоративтік медиа» атты байқау (бұдан әрі байқау) өткізетіндерін жариялайды. Әрі аталған іс-шараның ресми ұйымдастырушылары ретінде байқаудың ұйымдастыру комитетіне құрылтайшы болады. 

2. Байқау «KAZENERGY» қауымдастығының қолдауымен өткізіледі.

3. Байқаудың өткізулі мерзімі: 2013 жыл қыркүйектің 6-ы мен қазанның 1-і аралығында.

4. Байқаудың мақсат, міндеттері:
- Қазақстанның іскер топтары арасында, бизнестің тиімділігін арттырудағы корпоративтік басылымдардың мол мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыру;
- корпоративтік медианың компанияны басқарудың тиімді құралы ретінде мойындалуына септігін тигізу;
- корпоративтік медианың біліктілігін арттыруға септігін тигізу;
- Қазақстан аумағында жұмыс істейтін компаниялардағы корпоративтік медианы дамыту ісіне іскер қоғамды тарту;
- компаниялардың корпоративтік медиа саласындағы әрекеттерін ынталандырып, қолдау;
- кәсіби, жаңа ғана қалам ұстаған журналистерді қолдап, олардың шығармашылық тұрғыдан өсіп, өрістеуін.

 5. Байқауға қатысу

- байқауға жарты жылда бір реттен жиі шығатын, мазмұны мен безендірілуі байқау талаптарына сәйкес келетін баспа және электронды корпоративтік басылымдар қатыса алады.

Байқауға жұмысын ұсынуға құқылы:
      1) жұмыс авторы;
      2) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы;
      3) шығармашылық бірлестік, авторлық ұжымдар. 

- байқаудың ұйымдастыру комитетіне тиісті талапқа сай тапсырыс түсірген басылым байқауға қатыса алады, (байқау өткізу тәртібінде көрсетілген);

- үміткер-басылым ҚР заңнамаларының барлық талаптарына сай келуі керек. Үміткер-басылымның ҚР Заңнамаларын бұрмалағандығы анықталған жағдайда бірден байқаудан шеттетіледі (байқаудың кез келген кезеңінен) .

 6. Байқау аталымдары:  

БАСЫЛЫМ:
Корпоративті Медия. Ішкі корпоративтік газет
Корпоративті Медия. Ішкі корпоративтік журнал
Корпоративті Медия. Салалық БАҚ
АРНАЙЫ АТАЛЫМДАР*
 «Қанат қақты»
 «Үздік аймақтық корпоративтік медиа»
«Мұнай компаниясындағы үздік корпоративтік журнал»
«Мұнай саласының үздік басылымы»
«Үздік ньюслеттер/бюллетень»

* 2013 жылғы байқау аясында арнайы аталымдар толықтырылуы немесе өзгертілуі мүмкін.

Аталым жеңімпаздары диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

7. Байқаудың Арнайы жүлделері:

«Көрермен көзайымы» - www.kazenergy.com оқырмандарының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.
«Басылымның үздік навигациясы» - ыңғайлы, қалтқысыз жұмыс істеп тұрған ең үздік дизайн-макетке беріледі;

8. Байқаудың өткізілу ережелері

8.1. Ұйымдастыру комитеті

Байқауды ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастыру комитеті  құралады. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
 - байқауға басшылық етеді;
 - сыйақы мен сыйлықтарға құрылтайшылық етеді;
 - сарапшылар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады;
 - байқауға дайындық пен өткізу барысында туындаған түйткілдерді қарастырады;
 - жеңімпаздарды марапаттау рәсімін ұйымдастырады;
 - байқауға ақпараттық қолдау көрсетеді;
 - қатысушыларды байқау өткізу барысы мен оның қорытындылары туралы құлағдар етеді.

8.2. Байқауды өткізу мерзімі мен оған қатысу шарттары

2013 жыл қыркүйектің 6-ы мен қазанның 1-і аралығында байқауға қатысушылар: Ұйымдастыру комитетіне байқауға қатысу туралы тапсырыстарын өткізулері керек. Тапсырыс парақтарын  www.kazenergy.com сайтының «ENERGY TRIBUNE 2013 ЖЫЛҒЫ ҮЗДІК КОПОРАТИВТІК МЕДИА» Байқау – Тіркелу формасы бөлімінен немесе мына телефондарға +77172790199, 87783549747 хабарласып жоба үйлестірушісінен алуға болады.

Толтырылған тапсырыстарды: курьер арқылы, поштамен, факспен және электронды поштамен жолдауға болады.

Келіп түскен тапсырыстарды іріктей отырып ұйымдастыру комитеті байқаудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келетін басылымдарды таңдап алады. Ұйымдастыру комитеті келіп түскен тапсырысты қабылдамауға құқылы. Ондай жағдайда тапсырыс берушіні ұйымдастыру комитеті жазбаша хат жолдап, құлағдар етеді. Ұйымдастыру комитеті тапсырыстың не себептен қабылданбағанын түсіндірмейді. Алайда еркін үлгіде түрде жазылып, ұйымдастыру комитетінің ресми электронды мекенжайына жолданған шағым хатты қарастырады.

2013 жылы қыркүйектің 6-ы мен қазнның 1-і аралығында байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетінің мекенжайына өздерінің корпоративтік басылымдарының үлгілерін жолайды. Үміткерлер соңғы екі шығарылымның түпнұсқасын екі дана немесе Pdf форматында жіберулері керек. Басылымның соңғы шығарылымы қарастырылып, бағаланады.  

2013 жылы қыркүйектің 6-ы мен қазанның 1-і аралығында ұйымдастыру комитеті құжаттарды өңдеп, сарапшылар комиссиясына даярлайды.

2013 жылы қыркүйектің 6-ы мен қазанның 1-і аралығында сарапшылар комиссиясы қабылданған үміткер-басылымдардың жұмыстарын бағалайды. 

2013 жылдың 26-28 қыркүйегі арылығында сарапшылар комиссиясының отырысы өткізіліп, байқау жұмыстарына баға беріліп, жеңімпаздар анықталады.

Байқаудың ресми қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Астанада 2013 жылы қазанның 8 күні VIII Еуразиялық KAZENERGY энергетикалық форумы аясында өткізіледі.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің салтанатына аталым жеңімпазы атанған журналистер, шығармашылық ұжымдар, байқаудың сарапшылар комиссиясының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, билік, іскер топ пен журналистер қауымы өкілдері қатысады. Байқау қорытындысы KAZENERGY журналы мен www.kazenergy.com сайтында жарияланады.

8.3. Байқауға қатысушыларға баға беру:

Басылымдарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті сарапшылар кеңесін құрады. Сарапшылар кеңесінің құрамына корпоративтік PR мен баспа бизнесінің танымал өкілдері шақырылады.

Сарапшылар кеңесі жұмысының қорытындысы ұйымдастыру комитетінің отырысында қарыстырылып, бекітіледі. 


alt"ENERGY TRIBUNE 2013 ЖЫЛҒЫ ҮЗДІК КОПОРАТИВТІК МЕДИА" БАЙҚАУЫ сарапшылар кеңесінің қарауы мен байқау сайтына беруге әзірленетін материалдарға қойылатын негізгі талаптар

alt

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ


PDFБаспаға жіберуE-mail