Құрметті Тимур Асқарұлы! Сіздің туылған күніңізге орай біздің шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз!

размер шрифта: Aa | Aa
10.09.2013 16:17

Құрметті Тимур Асқарұлы!

 

Сіздің туылған күніңізге орай біздің шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз! 

«KAZENERGY» қауымдастығының ұжымы бүгін Сізге айтылған барлық ақ жарма тілек, құттықтау лебіздеріне қосылады.

Осы қуанышты сәтті пайдалана отырып, Сізді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағалығына сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Бұл Сіздің отандық кәсіпкерлікті дамыту ісіндегі айшықты рөліңіздің айғағы.

Сіздің ұжымға деген жанашыр көзқарасыңыз, кәсіби және жеке қабілеттеріңіз, жеке іс-әрекеттегі үлгі-өнегеңіз Сізді дарынды да беделді жетекші ретінде өзгелерден ерекшелеп тұрады. Сіздің қол астыңызда жұмыс істеу бізге ерекше құрмет, әрі зор жауапкершілік.

Сіздің іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз жұдырықтай жұмылған мұраттастар командасын құрып, түрлі тапсырмаларды табысты жүзеге асыруға жол ашты.

Сіздің аға буын мұнай-газ саласы ардагерлері мен еліміздің ертеңгі болашағы қазақстанның жастарына тұрақты көрсетіп келе жатқан қамқорлық пен қолдауыңыз ерекше атап айтуға лайық.

Бұл айрықша күнде Сізге және туған-туыстарыңызға зор денсаулық, бақыт, жауапты қызметте Сізге қажымас қайрат тілейміз.

Қолға алған барлық бастамаларыңыз сәтті іске ассын!

Сізге деген құрмет, ізгі ниетпен,
KAZENERGY Қауымдастығының ұжымы


PDFБаспаға жіберуE-mail