Ғылым, инновациялар және қазақстандық үлесті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Read More

Бұйрық «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» занды тұлғалар бірлестігінің Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Ғылым, инновациялар және қазақстандық үлесті дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже

Ғылым, инновациялар және қазақстандық үлесті дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің
құрамы

Төраға:  Ө.С. Қарабалин,  «Қазақстандық Мұнай және Газ Институты» АҚ Бас директоры.
Қосымша төраға: Жан-Люк Поршерон,  «Total E&P Kazakhstan» Басқарушы директоры.
Қосымша төраға: Кэмпбелл Кир, Қазақстандағы Шелл компаниясы топтарының басқарма төрағасы, Shell Kazakhstan Development B.V. Басқарушы директоры.

 

«KAZENERGY» Ассоцияциясынан Куратор: А.А.Әубәкіров., Атқарушы директор

Төмендегі мәселелерді қарау осы органның құзыретіне жатады:
-    Мұнай-газ және энергетика саласындағы келісімшартардағы және жер қойнауларын пайдалану келісімшарттарындағы  қазақстандық үлесті дамыту;
-    Қазақстандық үлесті заңнамалық реттеу бойынша ұсыныстарды талқылау және даярлау;
-    Қазақстан Республикасының Үкіметіне  ұсыныстар қалыптастыру және Қазақстандық үлесті дамыту жөніндегі ассоциация мүшелеріне біртұтас бағыт жасау;
-     Қазақстандық тауарла, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерге Ассоциация мүшелерімен іскерлік қарым-қатынастар жасауға көмектесу, олардың кәсіби деңгейін көтеру;