Стратегия

размер шрифта: Aa | Aa

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Стратегия мақсаты:
Қауымдастықтың  ұстанымын, құндылықтарын, басты міндеттері мен қызметтері негізінде Қауымдастықтың даму процессін жүйелеу;

Стратегия міндеттері:

Бизнес пен билік арасында диалог орнату арқылы республиканың мұнай-газ кешені кәсіпорындарының рөлін арттыру. Сонымен қатар, құқық орнатушы және нормативті-құқықтық актілерді шығару, мұнай-газ және энергетикалық сектордың сарапшылық кеңестері мен жұмысшы топтарында Қауымдастықтың ықпалын күшейту;      
•    Халықаралық институттар аясында ұлттық энергетикалық саясаттың және интеграциялық бастамалардың тиімді жүзеге асуына жәрдемдесу;
•    Қазақстан кәсіпкерлігін қолдау және дамыту инфрақұрылымын құру. Оның жағымды имиджі мен әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру ісін белсенді түрде жүргізу;
•    Ұсынатын қызметтерін және жұмыстың тиімділігін арттыру. Қауымдастықтың жарналық қорларын ұлғайту. Қауымдастықтың келешекте институционалды жетілуін қамтамасыз ету;
•    Болашақта профильді халықаралық және республикалық бастамаларды жүзеге асыруда көмек көрсету. Жариялылықты насихаттау;
•    Қазақстанда және шетелде мұнай-газ және энергетика саласының мамандарын дайындауға септігін тигізетін профильді білім беру бастамалары мен бағдарламаларына қолдау көрсетіп, Қауымдастық жұмысының мәртебесін өсіру;
•    Халықаралық деңгейде өткізілетін іс-шараларға Қауымдастық мүшелерін жұмылдыру. Сонымен қатар, өзге мемлекеттердің мұнай-газ және энергетикалық қауымдастықтарымен кешенді халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
•    Қазақстанның ішінде және шетелде Қауымдастықтың беделі мен халық арасындағы танымалдығын көтеру.

Нәтижелер:

•    Орта мерзімдік жоба-жоспарды есепке ала отырып, Қауымдастықты дамыту жолының негізгі іс-әрекеттерін жүйелеу;
•    Қауымдастықтың ішкі құрылымын оңтайландыру. Қауымдастықтың міндеттерін  және оның ұсынатын қызметтер аясын кеңейту, тиімділігін арттыру;
•    Отандық кәсіпкерлікті - орта және шағын бизнес өкілдеріне қолдау көрсету, әлеуметтік жауапкершілік пен бизнестің жағымды имиджін қалыптастыру жолындағы қызметті жандандыру;
•    Бизнес пен билік арасында келіссөз жүргізу жолымен Республиканың мұнай-газ кешені кәсіпорындарының мүдделерін қорғау ісінде Қауымдастықтың рөлін күшейту;
•    Ұлттық энергетикалық саясатты жүзеге асыру.
•    Мемлекетаралық институттар аясында Қауымдастық профильді интеграциялық бастамаларға мұрындық болып, ықпалын арттыру;
•    Сырт елдердің мұнай-газ және энергетикалық қауымдастықтарымен қарым-қатынасты үйлестіріп, Қауымдастықтың халықаралық мәртебесін арттыруға мүмкіндік жасау;
•    Іс-шараларды (конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастыру;
•    Профильді білім беру бастамаларын қолдап, бағдарламаларына жүйелік жәрдем беру;
•    Ақпараттық стратегия. Қауымдастық пен оған мүше компаниялардың жағымды имиджін қалыптастыру. Оның белсенділігі туралы мәліметтерді тарату іс-қимылдарды жүйелеу
•    EnergyCity жобасын бастау
•    «Бірігу Энергиясы» Халықаралық энергетикалық жүлдесін ұйымдастыру