Құрылым

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы Қауымдастықтың жоғарғы басқару органы болып табылады. Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы Қауымдастық жұмысының басым бағыттарын, Қауымдастық мүлкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын анықтайды, Қауымдастық мүшелерінің құрамын қалыптастырады, Қауымдастықтың жылдық жоспарын және қаржылық есебін бекітеді, сонымен қатар Қауымдастық Төрағасын сайлайды.   
Қауымдастық Төрағасы (Құлыбаев Тимур Асқарұлы) Қауымдастық және оның мүшелерінің мемелекеттік органдарға, заңды тұлға бірлестіктеріне, шетелдік және халықаралық ұйымдарға қатысты мүдделерін қорғайды.

Жарғыға сәйкес Қауымдастық Төрағасы жоқ болған жағдайда, оның қызметін Төраға орынбасары Сәрсенов Жанболат Жакияұлы атқарады.
  •  Атқару комитеті мен Бас директордың қызметтерін үйлестіреді;
  •  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдар мен халықаралық және шетелдік ұйымдардың алдында Қауымдастық мүдделеріне өкілдік етеді;
  •  Төрағаның тапсырмалары мен Қауымдастықтың құрылтайшылық құжаттарына сәйкес әрдайым басқа да өкілеттікті іске асырады .

Қауымдастық Кеңесі Қауымдастық Төрағасы басқаратын консультативті-кеңестік орган болып табылады. Қауымдастық Кеңесі оның жұмысы бойынша ұсыныстар мен кеңестер береді, Қауымдастық Төрағасы талқылауға салған сұрақтар бойынша ұсыныстар жасайды, үміткерлер өтініштерінің Қауымдастық мақсаттары мен міндеттеріне, олардың қызметіне сай келуін қарастырады.

Атқарушы комитет Қауымдастықтың ағымдағы қызметін жүзеге асырады. Атқарушы комитеттің қазметін басшылық етумен Бас директор (Ақшолақов Болат Оралұлы) айналысады, оның негізгі міндеттеріне Жалпы жиналыс және Қауымдастық кеңесінің үкімдерін орындауды ұйымдастыру жатады.

Қауымдастықтың негізгі жұмысы, құрамына Қауымдастық мүшелері және энергетикалық қауымдастығы мүдделі тұлғаларының кең шеңбері кіретін жеті Үйлестіру Кеңес арқылы жүзеге асырылады.

Үйлестіру кеңестері