Қашаган

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Қашаған – Қазақстанның ең ірі мұнай-газ кен орны, Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан. Каспий маңы мұнайлы-газды аймағына жатады.

2000 жылы 30 маусымда «Восток-1» ұңғымасымен ашылған. Соңғы 40 жыл ішінде ашылған әлемдегі, сонымен қатар теңіздегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып табылады.
Шығыс Қашаған 2000 жылы жазда ашылды, Батыс Қашаған 2001 жылы, Оңтүстік-батыс Қашаған 2003 жылы ашылды.
Өнеркәсіптік өндіруді бастау бірнеше рет ауыстырылды, қазіргі таңда ол 2012 жылдың аяғына жарияланып отыр.
Кен орнын өңдеу күрделі геологиялық жағдайларда жүргізілуде: қайраңды аймақ, кеннің өте тереңде болуы (5500 м-ге дейін), жоғары қыртысты қысым (80 МПа), күкіртті сутект мөлшерінің жоғары болуы (19 %-ға дейін).
Қашаған мұнайының қоры ауқымды шамада – 1,5 – 10,5 млрд. тонна – ауытқып тұрады. Олардың ішінен Шығысына 1,1-ден 8 млрд. тоннаға дейін келсе, Батысына –2,5 млрд. тоннаға дейін және Оңтүстік батысына – 150 млн. тоннаға дейін келеді.
Қашағанның геологиялық қоры қазақстандық геологтардың мәліметі бойынша 4,8 млрд. тонна мұнайға бағаланады.
Жоба операторының мәліметі бойынша жалпы мұнай қоры 38 млрд. баррель немесе 6 млрд. тонна мұнайды құрайды, олардың ішінде шығарындылары 10 млрд. баррель шамасында. Қашағанда табиғи газдың ірі қоры бар – 1 трлн. текше метрден астам.

Серіктес компаниялар:

Eni, KMG Kashagan B.V., Total, ExxonMobil, Royal Dutch Shell

16,81 %

ConocoPhillips

8,4 %

Inpex

7,56 %


PDFБаспаға жіберуE-mail