Теңіз

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Теңіз (ағыл. Tengiz) – Қазақстанның Атырау облысындағы аса ірі мұнай кен орны, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Каспий маңы мұнайлы-газды аймағына жатады. 1979 жылы ашылды.

Көмірсутегі кендері 3,8–5,4 км тереңдікте. Кен көлемді, құрылымы рифті. Мұнайлылығы төмен-орташа тасты-көмірлі және девон кезеңінің шөгінділерімен байланысты.

Мұнайдың қанықтылық коффициенті 0,82. Бастапқы газдық фактор 487 мэ/мэ, мұнайдың бастапқы дебиті 10 мм штуцерде 500 м3/сөт. Бастапқы қабатты қысым 84,24 МПа, температура 105°С. Мұнай тығыздығы 789 кг/м3. Мұнай күкіртті 0,7%, парафинді 3,69%, қарамайлылығы аз 1,14%, құрамында 0,13% асфальтен бар.

1993 жылы Қазақстан Үкіметі «Chevron» компаниясымен біріге отырып, Теңіз мұнай кен орнын өңдеу үшін «Тенгизшевройл» ЖШС СП құрды. Бүгінде серіктестіктері болып төрт компания табылады: «Қазмұнайгаз» АҚ» ҰК (20%), «ChevronOverseas» (50%), «ExxonMobil»(25%) және «LukArco»(5%).

Қоры 20 млрд. баррель немесе 3,1 млрд. тонна мұнаймен бағаланады.

Теңізде мұнайды өндіру 2009 жылы 22,5 млн. тоннаны құрады.

Өндіру орталығы – Құлсары кенті.


PDFБаспаға жіберуE-mail