Өзен

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Өзен – Қазақстанның Маңғыстау облысы Маңғышлақ түбегіндегі мұнай-газ кен орны. Оңтүстік Маңғыстау мұнайлы-газды аймағына жатады.

1961 жылы ашылды. Кен 0,9 – 2,4 км тереңдікте. Мұнай дебиті 10 – 81 т/сөт. Газ дебиті 8,0-ден 230 мың м3/сөт. Мұнай тығыздығы 844–874 кг/м³, күкірт мөлшері 0,16-2 %, парафиндер 16 – 22,6 %, қарамайлар 8-20 %.
Мұнай қоры 1,1 млрд. тонна. Өндіру орталығы – Жаңаөзен қаласы.
Кен орнының операторы  қазақстандық Барлау Өндіру мұнай компаниясы «ҚазМұнайГаз». Мұнай өндіру 2008 жылы 7 млн. баррельді құрады. Мұнай өндірудің рекордтық деңгейі – 16,3 млн. тонна – 1975 жылы, ал ең аз өндіру 1994 жылы – 2,7 млн. тонна – тіркелді.


PDFБаспаға жіберуE-mail