Қаламқас

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Қаламқас – Қазақстанның Маңғыстау облысы Бозашы түбегіндегі мұнай-газ кен орны. Солтүстік Бозашы мұнайлы-газды аймағына қарасты. 1976 жылы ашылған. Кенді игеру 1979 жылы басталды.

Кен 0,5-1,1 км тереңдікте. Мұнай-газдылығы төмен борлылықты және юра дәуіріндегі шөгінділермен анықталған. Мұнайдың алғашқы дебиттері 26,4-62,1 м³/сөт. Мұнай тығыздығы 902–914 кг/м³, күкірттің мөлшері 0,1 – 0,3 %.

Мұнайдың ерекшелілігі – оның құрамында ванадий мен никельдің бар болуы.

Мұнайдың геологиялық қоры – 500 млн тонна.

Қазіргі уақытта кен орнында «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ компаниясы жұмыс істеуде. Мұнайды өндіру 2008 жылы 4,2 млн тоннаны құрады.


PDFБаспаға жіберуE-mail