Жетібай

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Жетібай – газконденсатты-мұнай кен орны, Қазақстанның Маңғыстау облысында, Маңғышлақ түбегінде орналасқан. Оңтүстік Маңғыстау мұнайлы-газды аймағына жатады.

1961 жылы ашылды. Алғашқы ашылғаны – №6 ұңғыма. 1969 жылы кенді игеру басталды. Кен 1,7 – 2,4 км тереңдікте. Ұңғымалардың алғашқы дебиті 2 – 130 т/сөт. Мұнай тығыздығы 0,85 – 0,86 г/см³. Жетібай мұнайы тығыздығы жағынан жеңіл және орташа 830-870 кг/м3 , қарамайлы 4,53-15,5%, парафинділігі жоғары 17,2-25%, күкірттілігі аз 0,2-0,28%. Асфальтендер мөлшері 0,9%-дан 3,4% аралығыда ауытқып тұрады.

Мұнайдың геологиялық қоры 330 млн тоннаны құрайды, мұнайдың қалдық қоры 68 млн тоннаны құрайды.

Қазіргі уақытта кен орнында өндіру ісін қазақстандық "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ пен оның Жетібаймұнайгаз ӨБ жүргізуде. 2010 жылы мұнай өндіру 1,12 млн тоннаны құрады.

Жетібаймұнайгаз ӨБ кен орнын өңдейтін цехтарға бөлінген: онда өндіру цехтары (МГӨЦ), суды айдау цехы (ҚҚҚЦ), зерттеу цехтары(ҒЗжӨЖЦ), шикі мұнайды тауарлы мұнайға өңдейтін цех (МДАЦ) және басқалар.

PDFБаспаға жіберуE-mail