Солтүстік Бозашы

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Солтүстік Бозашы – Қазақстанның Маңғыстау облысы Бозашы түбегіндегі мұнай-газ кен орны. Солтүстік Бозашы мұнайлы-газды аймағына жатады.

1975 жылы ашылды. Кен 300–550 м тереңдікте. Мұнайдың бастапқы дебиті 3,4–48 м³/сөтке, газдың бастапқы дебиті 25-тен 54 мың м³/сөтке. Мұнай тығыздығы 938–940 кг/м³.

Күкірт мөлшері – 2 %, парафин 1,5 %, асфальтендер 5,6–5,8 %. Мұнайдың ерекше сипаты – құрамында ванадий мен никельдің өндірістік концентрациясының бар болуы.

Өндіру орталығы – Ақтау қаласы.

Кен орнын өңдеуді CaspianInvestmentsResourcesLtd (СП «ЛУКОЙЛ Оверсиз» пен MittalInvestments) біріккен компаниялар болып табылатын (50/50) BuzachiOperatingLtd және CNPC қытай мұнай компаниясы жүргізеді. Мұнай өндіру 2008 жылы 1,8 млн тоннаны құрады.

Шығарынды қорлар шамамен 50-80 млн. тонна мұнаймен, геологиялық қорлар 218 млн. тонна мұнаймен бағаланады.


PDFБаспаға жіберуE-mail