Қаражанбас

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Қаражанбас – Қазақстанның Маңғыстау облысы Бозашы түбегіндегі мұнай-газ кен орны. Солтүстік Бозашы мұнай-газ аймағына жатады.

1974 жылы ашылды. Кен 228-466 м тереңдікте. Мұанй дебиттері 1,2-76,8 м3/сөт. Мұанцй тығыздығы 939-944 кг/м³, күкірт мөлшері 1,6-2,2. Мұнайдың ерекше сипаты құрамында ванадий мен никельдің болуы. Мұнайдың алғашқы қоры 70 млн. тоннамен бағаланады.

Өндіру орталығы – Ақтау қаласы.

Қазіргі уақытта кен орнын өндірумен "Қаражанбасмұнай" АҚ айналысуда (кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан). "Қаражанбасмұнай" АҚ-тың акционерлері болып CITIC және қазақстандық "ҚазМұнайГаз. Барлау. Өндіру" мұнай компаниясы табылады, сәйкесінше әрқайсысында 50% акциядан. Мұнай өндіру 2008 жылы 2 млн. тоннаны құрады.

PDFБаспаға жіберуE-mail