Нұрсұлтан

размер шрифта: Aa | Aa

 alt

Нұрсұлтан, Н блогы – Қазақстанның мұнай-газ кен орны, Ақтау қаласынан  оңтүстікке қарай 75 км жерде, Каспий теңізінде орналасқан. Кен орнының ауданы 8100 шаршы км-ді құрайды. Нұрсұлтан кен орны "Н" жобасына кіреді. Кен орнына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген.

Сипаттама
"Нұрсұлтан" 2 бөліктен тұрады: негізгі(батыс), Ұлу қабыршақты теңіз(шығыс). Мұнайлы-газдылығы бор және юра-триас кешендерінің шөгінділерімен байланысты. Теңіз тереңдігі кен орны шегінде 0-ден 340 м -ге аралығында өзгереді. Суы ең терең бөлігі кен орнының оңтүстік-шығысында. Нұрсұлтан кен орнының сводовой бөлігінде су тереңдігі 29 м-ге тең, Ұлу қабыршақты теңізде – 47 м.

Блок операторы
«Н» жобасының операторы ҚазМұнайГаз (51%). Басқа қатысушылары болып ConocoPhillips (24,5 %) америкалық мұнай компаниясы мен  Мубадаладивелопменткомпани(24,5 %) араб мемлекеттік инвестициялық компаниясы табылады.

Қорлары
Кен орнының мұнай қорлары өте ауқымды шамада – 1– 6 млрд тонна мұнай – ауытқиды, ал газ қорлары – 0,5-тен 4 трлн м3 табиғи газ.


PDFБаспаға жіберуE-mail