Королевское

размер шрифта: Aa | Aa

Королевское – мұнай кен орны Қазақстанның Атырау облысында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км және мұнай алыбы – Теңіз кен орнынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Іздеу және барлау-бұрғылау жұмыстары 1982 жылы басталды. Осы жыл кен орнының ашылу жылы болып қалды.

Өнімді горизонтары тұз үсті және тұз асты кешендерінде белгіленген. Жоғарғы борлы шөгінділердегі тұз үсті кешенінің мұнай кені тұзды-күмбезді құрылыммен байланысты. Тұз асты кешенінің өнімділігі тектоника-седиментациялық үлгідегі палеозойлы-антиклиналді қатпарға орайластырылған.

Палеозойлы мұнай кені төменгі пермьнің артин жыныстарымен және карбонның карбон шөгінділерімен байланысты. 3952 м тереңдікте шөккен. ВНК 4800 м белгісінде алынған. Кең көлемді. Өнімділік қалыңдығы әк таспен қаланған.

Мұнай өте ауыр, тығыздығы 965 кг/м3, күкіртті (2%), аз парафинді (0,52%), 2,2 % асфальтендерді құрайды.

Кен орны тұз асты шөгінділері бойынша барлауда. Тұз асты кешені кені консервіленген.

Жалпы геологиялық қор 188 млн тонна мұнайды құрайды.


PDFБаспаға жіберуE-mail