Жаңажол

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Жанажол — газоконденсатное месторождение в Мугалжарском районе Актюбинской области Казахстана. Относится к Прикаспийской нефтегазоносной провинции.

Жаңажол – Қазақстанның Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы газконденсатты кен орны. Каспий маңы мұнайлы-газды аймағына қарайды.

1978 жылы ашылды. Көмірсутектер кені 1,9-3,6 км тереңдікте орналасқан.

Мұнай дебиті 2–281 т/сөт. Газ дебиттері 219 мың.м3/сөт.

Мұнай тығыздығы 809-827 кг/м³, тұтқырлығы аз, күкіртті (0,7- 1,11%), парафинді (4,9-7,1%). Силикагельді қарамайлар мөлшері 4,23 – 6,8%, асфальтендер мөлшері 0,43 -1,78 %.

Газды бөріктердің газы ауыр, құрамында этан бар, ондағы ауыр көмірсутектердің үлесі 18,5 %-ға дейін, метанның мөлшері 73,24%, күкіртті сутек 2,94%, азот 1,93%-ға дейін жетеді.

Тұрақты конденсат мөлшері 614 г/м3. Оның тығыздығы 770 кг/м3, құрамында 3,6% парафин, 0,41% күкірт және 0,55% силикагельді қарамайлар бар. Көмірсутекті құрамы жағынан конденсат парафин негізді. Парафинді-нафтенді көмірсутектердің жалпы мөлшері 86% -дан асады.

Өндіру орталығы – Жаңажол кенті.

Жаңажол мұнайын CNPC-Ақтөбемұнайгаз‎ қытай мұнай компаниясы өңдеуде. Мұнай өндіру 2008 жылы 6,325 млн. тонна болды.

PDFБаспаға жіберуE-mail