Қарашығанақ

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Қарашығанақ – Қазақстанның мұнай-газ конденсатты кен орны, Батыс Қазақстан облысында, Ақсай қаласына жақын маңда орналасқан. 1979 жылы ашылды. Өнеркәсіптік игеру 80- жылдардың ортасында, КСРО Газ өнеркәсібі министрлігі «Оренбурггазпром» өндірістік бірлестігімен басталған. 1989 жылы министрлік «Газпром» РАҚ болып өзгерді.

Кен орнының сипаттамасы

Қарашығанақты көтеру биіктігі 1,7 км болатын рифтік құрылыспен көрініс тапқан. Кен мұнай-газ конденсатты, массивті. Газ конденсатты бөлігінің биіктігі 1420 м-ге дейін жетеді, мұнай қабатының қалыңдығы 200 м-ге тең. Өнімді шөгінділері болып жоғарғы девоннан төменгі Пермьге дейінгі аралық болып табылады.

Конденсат тығыздығы 778-ден 814 кг/м³-ге дейін өзгереді. Мұнай тығыздығы 810-нан 888 кг/м³ аралығында ауытқып тұрады. Мұнайдың құрамында: күкірт 2 %-ке дейін, парафиндер 6 %-ке дейін. Қабатты газ метаннан – 70 %, этаннан – 6 %, пропаннан – 3 % және басқа газдардан 21 % тұрады. Газда күкіртті сутектің мөлшері 4 %-ке дейін.

Каспий маңы мұнай-газ аймағына жатады.

Кен орнының қорлары

Кен орнының бастапқы қорларын 1,35 трлн текше метр газ және 1,2 млрд тонна мұнай мен газ конденсаты құрайды.

Кен орнының операторлары

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан Үкіметі «Газпром» РАҚ-пен ынтымақтастықтан бас тартып, кен орнын игеру үшін шетелдік серіктестікті іздеумен айналысты.

Қазіргі уақытта кен орнын, өнімдер бөлімі туралы келісімдер жағдайында, құрамында BritishGas мен Eni (по 32,5 %), ChevronTexaco (20 %) және «Лукойл» (15 %) компаниялары бар халықаралық консорциум өңдеуде. Қарашығанақ жобасын іске асыру үшін бұл компаниялар «КарашығанақПетролиумОперейтинг Б. В.» (КПО б.в) консорциумына бірікті. ҚПО 2038 жылға дейін жобаға басшылық етеді деп жоспарлануда.

Кен орнын дамыту жобасы газды жыл сайынғы өндіру 2012 жылға қарай 25 млрд текше метрге жеткізуді жоспарлайды. Қарашығанақ кен орнынан өндірілген газдың бір бөлігі конденсат құбыры арқылы Оренбургке жеткізіледі (Оренбург газ өңдеу зауытында өңдеу үшін).

Жобаға қазақстандық мұнай компаниясы да қосылуы мүмкін(BritishGas мен Eni үлестерін сату нәтижесінде).

Мұнай өндіру, соның ішінде газ конденсатын өндіру 2007 жылы 11,6 млн тоннаны құрады. Газ өндіру 2007 жылы 14,2 млрд м3 құрады.

Жобаны жүзеге асыру хроникасы

1979 – Қарашығанақ кен орнының ашылуы

1984 – Пайдалана бастауы

1992 – Қазақстан Үкіметі мен Eni и BG Group компаниялары арасындағы өнімдер бөлімі туралы келісімге қол қою туралы келіссөз процесінің басталуы

1995 – Өнімдер бөлімі қағидаттары туралы келісімге қол қойылды, келіссөздер жалғасуда

1997 – ChevronTexaco және «ЛУКОЙЛ» компанияларының халықаралық консорциумға кіруі. Қарашада 40 жыл мерзімге өнімдер бөлімі туралы соңғы келісімге (СКӨБ) қол қойылды.

1998 – СКӨБ (ОСРП) қызметінің басталуы

1999 – Құрылыс жұмыстарының басталуы

2000 – Негізгі жұмыстарға келісімшартқа қол қойылуы. ҚПО басшылығының Ақсай қаласына көшуі.

2001 – Ақсайдан Қарашығанақ кен орнына дейінгі 28 км темір жол тармағының құрылысы аяқталды. ҚР Президентінің Қарашығанақ кен орнына келуі және жаңа электрстансаның салтанатты түрде ашылуы.

Ақсай-КҚК құбыр желісі. Үлкен Шаған сорғы стансасы

2002 – Конденсатты экспорттаудың рекордтық деңгейі – сөткесіне 18 мың тоннадан астам. Экспорттауға 635 километрлі құбыр төселді: Қарашығанақ Каспий құбыры консорциумы мұнай құбырына қосылуға мүмкіндік алды. KPO қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғарғы көрсеткіштері үшін Би-Джи Групп басқарма төрағасының сыйлығын алды.

2003 – Қазақстан Президенті 2 фаза өндірістік нысандарына ресми старт берді

2004 – Қарашығанақ мұнайының бірінші партиясының Новосібір теңіз терминалы арқылы жөнелтілуі

2005 – КПК-дағы 4-генераторды пайдалануға қосу

2006 – Конденсатты Атырау – Самара құбыры арқылы тартудың басталуы

2038 – ӨБСК (ОСРП) қызметі мерзімінің аяқталуы


PDFБаспаға жіберуE-mail