Экономика

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Қазақстан Республикасы – аграрлы-индустриялы ел. Ақша бірлігі – теңге.
Еуразиялық континент орталығында орналасқан Қазақстанның географиялық орналасуы оның көлік арқылы жүк тасымалдау орнын айқындайды.
 
Республиканың жерүсті көлік магистралдарының ұзындығы 106 мың км. Олардың ішінде магистралды темір жолдар – 13,5 мың км, қатты төсемді жалпы қолданыстағы автомобиль магистралі 87,4 мың км, өзен жолдары 4 мың км.

Қазақстан мен Қытай арасындағы Достық-Алашанькоу шекаралық теміржол құрылысы мен Түркіменстан мен Иран арасындағы Серахс-Мешхедке өтетін теміржолдың ашылуы Ұлы Жібек жолы өткен жол бойынша жаңа тасымалдау жолдарын, атап айтқанда: Тынық мұхиттағы Қытай порттары Циньдао, Тяньцзин, Ляньюньганнан Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркиядан Жерорта теңізі мен Парсы шығанағына жол ашты. Бүгінгі таңда осы бағытта тауарлар тасымалдануда. Ресейге және бұрынғы одақтас республикаларға, тіпті Қытай, Түркия, Иранға шығатын жол торабы Үнді мұхиты мен Жерорта, Қара  теңіз порттарына шығуға мүмкіндік береді. Ресейдің өзен жолы арқылы өтетін Балтық теңізі мен Қара теңіз кеме қатынасын  Каспий теңізі бойындағы Ақтау порты іске асырады. «Эйр Қазақстан» ұлттық компаниясы 40-тан аса бағытқа – алыс шет елдер мен ТМД елдеріне, Қазақстанға жол ашты. Республикамызда British Airways, Lufthansa, KLM, Transaero, PIA, Turkish Airlines, Iran Air» сияқты т.б. шет елдің жетекші компаниялары жұмыс істейді.

 Бүгінгі таңда Қазақстанның экспорттық әлеуетінің шиізаттық бағыты айқын және отын, химия, металлургиялық кешендер есебінен қалыптасады.

Қазақстанның негізгі экспорттық өнімі мұнай мен мұнай өнімдері (35 пайыз), тағы бір басты өнімі –түсті металдар (17 пайыз), 16 пайызы қара металдар, 12 пайызы кен байлықтары, 9 пайызы дәнді дақылдар болып табылады. Негізінен импортқа машиналар мен құрал-саймандар, көлік құралдары, приборлар мен автоматты құралдар, химиялық өнімдер, минералдық отындар, өнеркәсіптік тауарлар, дайын өнімдер мен халық тұтынатын тауарлар шығарылады. Қазақстанның экспорт-импорт құрылымы жылдан жылға диверсификацияға қарай іскерлік байланыстар жағынан өзгерістерге ұшырап келеді. Алайда әдеттегі әріптестер ТМД елдері және Балтық жағалауы елдерімен сауда үлесі әлі де болсын жоғары: оларға 59 пайызға дейін экспорт, 63 пайызға дейін импорт шығаруға тура келеді. Солай бола тұрса да негізгі әріптесіміз Ресей. Алыс шет елдерден Германия, Түркия, Швейцария, Чехия, Италия, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, т.б. елдермен сауда байланыстары жақсы дамып келеді.

Қазақстан Еуорпа мен Азияның түйіскен жерінде 45 пен 87 градус шығыс бойлығы, 40 пен 55 градус солтүстік ендікте орналасқан. Еліміздің батысында – Каспий ойпаты. Оңтүстік батысында Маңғышылақ түбегі. ( Түбектің шығыс бөлігінде әлемдегі ең терең шұңқырдың бірі – Карагие шұңқыры мұхит деңгейінен 132 м төменде орналасқан). Қазақстанның орталық бөлігі – Солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань таулары (биіктігі 4973 м-ге дейін) орналасқан.

Қазақстан 2724,9 мың кв.км(1052,1 мың кв миль) ауданы бар және шығысқа қарай Каспий теңізі мен Алтай тауларына дейінгі байтақ даланы, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы Тянь-Шань тау етегінен солтүстігіндегі Батыс Сібір ойпатына дейінгі жерлерді алып жатыр. Еліміздің  территориясы батыстан шығысқа дейін 3000 шақырымнан(1864 миль), оңтүстіктен солтүстікке дейін 1700 шақырымнан(1056 миль) астам жерге созылып жатыр.

Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде территориясы жағынан ірі мемлекеттердің бірінші ондығына енеді. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан мен Аргентинадан кейін 9-орын алады.

Қазақстан шығысы мен солтүстігінде және солтүстік-батысында Ресеймен(шекара ұзындығы 6467 км), оңтүстігінде Орталық Азия мемлекеттерімен – Өзбекстанмен(2300 км), Қырғызстанмен(980 км) және Түркіменстанмен(380 км), ал оңтүстік-шығысында Қытаймен(1460 км) шектеседі. Қазақстан шекараларының жалпы ұзындығы шамамен 12,2 мың км, соның ішінде Каспий теңізі бойынша 600 шақырым жерді(бастыста) алып жатыр.

Қазақстан территориясында ірі тау сілемдері бар. Ең биік шың – Хантәңірі шыңы (Сарыжаз жотасы) теңіз деңгейінен 6995 метр биіктікте. 48 мыңнан астам көлдер бар, ең ірілері - Каспий( жалпы ауданы 374 мың км кв) мен Арал, Балқаш теңіздері. Үлкен өзендері Ертіс, Орал, Шу, Сырдария. Қазақстандағы ең ұзын өзен Ертіс өзені. Оның еліміздегі бөлігінің ұзындығы 1700 км(жалпы ұзындығы 4248 км).