Жалпы ақпарат

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Қазақстан Еуорпа мен Азияның түйіскен жерінде 45 пен 87 градус шығыс бойлығы, 40 пен 55 градус солтүстік ендікте орналасқан. Еліміздің батысында – Каспий ойпаты. Оңтүстік батысында Маңғышылақ түбегі. ( Түбектің шығыс бөлігінде әлемдегі ең терең шұңқырдың бірі – Карагие шұңқыры мұхит деңгейінен 132 м төменде орналасқан). Қазақстанның орталық бөлігі – Солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань таулары (биіктігі 4973 м-ге дейін) орналасқан.

Қазақстан 2724,9 мың кв.км(1052,1 мың кв миль) ауданы бар және шығысқа қарай Каспий теңізі мен Алтай тауларына дейінгі байтақ даланы, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы Тянь-Шань тау етегінен солтүстігіндегі Батыс Сібір ойпатына дейінгі жерлерді алып жатыр. Еліміздің  территориясы батыстан шығысқа дейін 3000 шақырымнан(1864 миль), оңтүстіктен солтүстікке дейін 1700 шақырымнан(1056 миль) астам жерге созылып жатыр. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде территориясы жағынан ірі мемлекеттердің бірінші ондығына енеді. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан мен Аргентинадан кейін 9-орын алады.

Қазақстан шығысы мен солтүстігінде және солтүстік-батысында Ресеймен(шекара ұзындығы 6467 км), оңтүстігінде Орталық Азия мемлекеттерімен – Өзбекстанмен(2300 км), Қырғызстанмен(980 км) және Түркіменстанмен(380 км), ал оңтүстік-шығысында Қытаймен(1460 км) шектеседі. Қазақстан шекараларының жалпы ұзындығы шамамен 12,2 мың км, соның ішінде Каспий теңізі бойынша 600 шақырым жерді(бастыста) алып жатыр.

Қазақстан территориясында ірі тау сілемдері бар. Ең биік шың – Хантәңірі шыңы (Сарыжаз жотасы) теңіз деңгейінен 6995 метр биіктікте. 48 мыңнан астам көлдер бар, ең ірілері - Каспий( жалпы ауданы 374 мың км кв) мен Арал, Балқаш теңіздері. Үлкен өзендері Ертіс, Орал, Шу, Сырдария. Қазақстандағы ең ұзын өзен Ертіс өзені. Оның еліміздегі бөлігінің ұзындығы 1700 км(жалпы ұзындығы 4248 км).